Сабинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #6
жеке
блог

Сабинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #6

Блог бағанының бетінен көрінбегелі де көп уақыттың жүзі болыпты. Қайта оралу "бақытын" сыйлаған Анарға алғысымды айта отырып, эстафетаны жалғастырайын. 

Эстефета алдында...

Шілде айы - ел спорты үшін табысты әрі сәтті өтті десек болады. Бұл қуанышты жасырып қалуға болмайды. Алдымен еурокубоктарда ел клубтары сәтті өнер көрсетті. "Қайрат" қана жарыс жолынан шығып қалды демесеңіз, алматылық клубтың да қауқары мықты екенін байқадық. Соңғы минутта гол жіберіп алатын жерлестеріміз соңғы минутта қарсыластарын сан соқтырып жүр. Бастысы - қазақтың қара домалақ балалары алаңда гол соғып, жанкүйерлерін қуантуда. Бұған неге қуанбасқа?!

Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген боксшыларымыз да санаулы. Соның бірі - Геннадий Головкин. 27 шілде күні Дэниэл Гилді жеңіп, 11-ші рет чемпиондық атағын қорғап қалды. Қазақ елінің Туын көкте қалқытып, ел абыройын тағы бір рет асқақтатты.

Велоспорт додаларындағы абыройы жоғары саналатын "Тур де Франс" көпкүндігінде "Астана" командасының легионері Винченцо Нибали топ жарды. Сонымен қатар, бірнеше ақжолтай жаңалықтар да болды. Ал осы эстафетаның басталуына себепкер болған Сабина туралы қайта айту енді артығырақ болар... Өйткені, әлем жұртшылығы назарын аудартқан ару біздің де, сіздің де назарларыңыздан тыс қала қойған жоқ. Сонымен, эстафета ережесіне сәйкес мен ұсынатын 10 ару төмендегідей. Бағалай отырыңыздар)))

1. Бұл менің болашақ жарым - Нұржамал Үсенова. Сайтымыздың оқырманы. (Өзгелер үшін сұлу болмаса да, мен үшін бәрінен сұлу)))

2. Ел абыройын әлемдік аренада асқақтатып жүрген қара көз аруларымыздың бірі - Зарина Диас. (Біздің контент-менеджер Шерханның ғашығы)))

3. Волейболдан ұлттық құраманың көшбасшысы - Сана Жарылғасова. Тұрмысқа шыққаннан кейін, тегін Анарқұлова деп өзгертіпті.

4. Айнұр Керей есімді алматылық ару синхронды жүзуден ұлттық құрама мүшесі. Шет елдерде өткен жарыстарда Сәбина секілді бірнеше рет ең сұлу жарысқа қатысушы ретінде де танылған.

5. Эстафетаға қатысушылар massaget.kz сайтының аруларының сұлулығын жоғары бағалып отыр. Мен де бас бармағымды көтеріп, сөзсіз келісемін. Ал суреттегі ару көршіміз tengrinews.kz сайтының тілшісі - Айжан Түгелбаева.

6. Сыныптасым - Сымбат Жанғазиева. Сәбинадан бір кем түспейтін қазақ аруларының бірі.

7. Группаласым - Меруерт Қайырбек. Кейде жарыстарда өзге ұлттың киімдерін кисе сол ұлттың қыздарына да ұқсап кетеді)))

8. Тағы бір группаласым - Фарида Солтанғазы. Ерке қыз Алматыға алғаш келгенде Күршіміме қайтамын деп көз жасын сығып аушы еді, ал қазір ару қалаға бауыр басып қалған арулардың бірі.

9. Мектепте бізден бір сынып төмен оқыған Мөлдір Кенжебек есімді ару. Бірнеше клиптерге де түскен. 

10. ҚазҰУ-дың биылғы түлегі. Айдана Сыдықова - университеттің дамуына өз үлесін қосқан белсенді студент. "Сұңқар" студенттер кәсіподағының көшбасшысы. Кезінде қызметтес де болғанбыз.

Көп созып кеттім-ау шамасы, осымен аяқтайын. Эстафета таяқшасын Нұршат Әлімқызына ұсынамын! Қазақтың арулары құлпырып жүріңіздер ортамызда!