Құбыжықтың жазбалары
блог
Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi. Бағымызға конституцияда осындай бап бар.
Бір айдан соң жаңа оқу жылы басталады. Мұғалімдері білікті, оқушылары ынталы, ірге тасы биік, білімі нық мектеп мемлекеттің әулеметтік институтының бірі.
Жазба тақырыбыма келсек. «Құбыжықтың жазбалары» интернет көзінің шартты түрде атауы. Ішінде химия жалған және қиянат әкелетін ғылым, гравитация жоқ, кәдімгі табиғи тастың жаны бар, күн жүйесінде тағы да екі күн пайда болуы тиіс еді (олар газ планетасы айналып, салмағы кіші болғандықтан тұтанып жанбай қалыпты), фотосинтез өсімдік әлемінде жоқ. Автордың негізгі ойы мектептерде жалған білім беріледі дегенде. Көптеген дәлелдерін келтірген. Дәлелдеріне сену оңай. Жазбасының тілі жеңіл, оңай оқылады.
Келесі жазған жолдарымды жоққа шығаруға физик мұғалімдеріміздің білімі жеткілікті шығар.
Автор жердің тартылыс күші оның бетімен жоғары тарқамайды. Жердің бетінен жоғары тарқаса, геостационарлық жер серігін өзіне тартып жерге құлатар деп жазыпты. Оның ойынша жасанды жер серігі көрінбейтін белдеудің үстінде тұр (жер серігі орбитаны құраған көрінбейтін белдеу бойымен рельстерде сырғанап жүреді). Дәлелсіз жазба еместігін еске сала кетейін. Әрбір сөзінде мән бар.
Дәл осындай ойды жоққа шығарып 1686 жылы Исаак Ньютонның Philosophie naturalis principia matematica кітабының баспагері Гожер Котестің кітапқа жазған алғы сөзінде жазылған.
Неліктен жұлдыздар секілді жанып көрінген планеталар Темірқазықты айнала қозғалмайды, жер бетіне қатысты ұшқан дене неліктен доға жасап барып жерге құлайды? Біріншісіне Кеплер, екіншісіне Галилей және Ньютон жауап берді деп классикалық білім тарихында есімдері қалды.
Гожер Котестің, Кеплердің, Ньютонның оппоненттері қазіргі заманда да табылады. Олардың да өз шындығы бар шығар. Бірақ отандық оқулықтарды, жалпы оқытудың мәні сынға алынып жатқанда, «Құбыжықтың жазбалары» оқушыларға пайдасын тигізбейді. Құбыжықтың жазбалары мектеп мұғалімдерінің біліміне және біліктілігіне сын. Егер осындай сынға тап болса, сүрінбей өткенін тілеймін.
Гожер Котестің жазғанын Иссак Ньютон «Математические начало натуральной философии», Л.С. Полака редакциясымен 1989 жылы Москвада «Наука» баспаханасынан шыққан кітапбының электронды көшірмесінен таныстым. 1686 жылғы латын тіліндегі түп нұсқадан 1936 жылы А.Н. Крылов аударыпты. Сол аударма кітапқа негіз болыпты. Бір қызығы кітаптың бас жағы кәдімгі қазіргі физика кітабына ұқсас.
PS: Қажет дегендерге құбыжықтың жазбаларына сілтемені жіберемін. Сілтемені ашық көрсетсем, оны жарнамалағанмен тең.