Сабинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #5

Сабинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #5
жеке
блог

Бәлкім мақтаншақтық дерсіздер, бірақ мен өзімнің қыздың сұлулығына тамсана алатын қасиетімді ұнатамын. Көптеген қыздардан байқағаным, басқа қыздардың сұлулығын көре алмай, сыртынан өсектеп, әйтеуір бір жаман қасиетін тауып, соны рахаттана айтатындар баршылық. Коко Шанель айтыпты ғой "20-ға дейін қыз сұлу болмаса - бұл табиғаттың кесірі, 30-ға дейін сұлу болмаса - бұл қыздың өз кесірі" деп. Мен осы сөзіне толықтай қосыламын. Қазірде қыздың сұлу болуы үшін косметология мен сән салондары неше түрлі әдістерді ұсынады. Қыздарға әдемі болып жүру, тіпті міндет пе деймін... Бірақ, дегенмен, ежелден табиғи сұлулық бәрінен жоғары бағаланатыны рас. Сондықтан табиғатынан сұлу қыздардың топтастырып, өз рейтингімді жасадым Embarassed

1. Аружан Жазылбекова. Бұл актрисаны "Санжар мен Қайсар" телехикаясынан байқаған боларсыздар? Фильмдерде жарқын рөл бұйырмай келеді, бірақ...

2. Айнұр Ильясова. Үнді актрисалардан бір кем түспейтін қазақтың хас сұлуы. Бірақ түрі шынымен үнділерге ұқсайды. Бұл актриса бірнеше телехикаяда ойнаған деп естідім, бірақ өзім көрмеппін. Бұл қыз девальвациядан кейін көтеріліс болған кезде жылап тұрған жерінен суретке түсіп қалып, бірден рейтингі көтеріліп кетті. 

3. Әсем Жакетаева. Мен бұл қыздың шығармашылығын сонау Суперстар.кз-тен бері бақылап келемін. Сол себепті оның табиғи сұлулығына шек келтірмеймін. Және оған әнші болудан гөрі актриса болу көбірек жарасатын сияқты.

4. Әншілерден Баян Нұрмышеваның сұлулығына тәнтімін. Бірақ интернетте дені дұрыс суреті де жоқ екен...


5. Ал енді актрисаларды қойып, өз таныстарыма көшейін. Мен үшін Қарлыға Бүйенбай өте сұлу қыз. 

6. Маржан Түлеева деген құрбым да өте-өте сұлу (тұрмыста, бір баласы бар)

7. Айжан Карибаева деген блогер қыз да бұрыннан әдемілігімен ұнайды.

8. Тағы бір осы интернет арқылы таныс құрбыларымның бірі - Сымбат Айжарық

9. Шахида Исмаилова деген ару да өте сұлу. Бірақ оның немен айналысатынын білмейді екем.

Осымен тәмам. Қыздардың суретін іздеймін деп уақытым көп кетіп жатыр. Сондықтан осы қыздардың сұлулығына тәнті бола тұрыңыздар )) Эстафета жалғасын tazosh tazsha-bala-ға беремін.