жеке
блог

Мына қыстың қырсығын-ай...

Тағы қыс... Осы мезгілді адамға теңесем қандай ой келетінін білесіздер ме? Өз несібесін қанағат тұтпай, өзгенің аузындағы асын тартып жейтін тойымсыз жанды елестетеді көз алдыма. Расында, Жер-Ана құшағында тербетіліп, сағынышы басылмаған сәби күзді сырғытып, баса-көктеп табиғат төріне ентелеп еніп алды. Күздің сары жапырағы дірілдеп тоңып ол қалды, күздің көркем көркін тамашалап болмаған мына біздерді, қамыт қаптамаға орай салды.

   Енді, міне, ана қырқаның ар жағында тырбыңдап көктем жүр. Ол да мына қыстың қаһарлы кәрінен ығып келе алмай жүрген секілді. Қыстың қырсығуын-ай.... Жауар дымы қалмаса да, "жыланның шапсаң кесірткелік шамасын" көрсетіп, әйтеуір ықтырып бағып-ақ жатыр.

    Бәрімізде көктемді сағындық емес пе? Көктем десек, әрбіріміз түрлі ойға берілеміз. Сол көктеміміз тезірек жанымызға жылуы мен жарық нұрын төгіп тезірек келгей!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
РОБИНЗОННЫҢ ПРОТОТИПІ КІМ?
РОБИНЗОННЫҢ ПРОТОТИПІ КІМ?
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары