Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Махаббат тағдыры!

Махаббат тағдыры!

Махаббат тағдыры!

Салем достар!!! Мен мына бір мұңды хикаяны массагетке жариялап отырдым. Оны "сен үшін" деген сайттан оқығам. Оқыңыздар, махаббаттың құдіретін түсіңіздер.....

Бұл әңгімені маған біздің ауылдағы Нәсіп шешейдің аузынан жазып алған болатынмың. Біздің ауыл Жаңа қала деп аталады. Онда қырық – елу шақты үй бар, - деп бастады Нәсіп шешей әңгімесің. Кешкұрым жастар көшеге шығып, ауыл шетіндегі көл жағасында ән салатынбыз. Менің ең жақын достарымның бірі Ерке еді. Ерке бір күні маған:
- Нәсіп, саған бір нәрсе айтсам, ешкімге айтпайсың ба? – деді.
- Жоқ, де дім. Ол қойнынан бір парақ қағаз алып, қолыма ұстатты. Қағазды ашсам Еркеге жазылған “ғашық хат” екен. Мен қатты таңғалдым:
- Мәссаған, хат жазған кәдімгі 11 сыныпта оқитын сұлу жігіт, барлық қыздың арманы болған Асан ба? – дедім.
- Иә, деді Ерке жүзі бал – бұл жанып.
Сөйтіп, Ерке Асанмен дос болып жүрді. Бәрі бұл екі ғашыққа сүйсініп, қызығатын. Екеу кешке көшегі шығып, табиғатта серуендейді, сырласады. Болашақты армандайтын ол бірде “біз келешекте неше сәби сүйетінімізді де ойластырып қойдық” дегені. Мен қызығып “нешеу?” дедім. Ол “он” деп барлық саусағын көрсетті. Екеуміз мәз болысып күлдік. Осылый ең қызықты да бақытты күндер зымырап өтіп жатты.
Бір күні Асанның сыныбына басқа қаладан Нағима атты бір қыз оқуға келді. Қалада өскен қыз өте еркін еді. Үнемі Асанның қасынан қалмайтың.
8 – наурыз болаттын. Мектепте би кеші болды. Асан Ерекмен биледі. Бәріміз екі жұпқа қызыға қарап тұрып қалдық. Сол кеште Асан мерекемен құттықтап, Еркеге әдемі сағат сыйға тартқан. Би кеші аяқталып, үйімізге тарап бара жатқанбыз. Бір кезде “ Асан, бері келші” деген Нағиманың дауысын естідік. Бәріміз таңырқап, жалт қарастық. Асан “мен қазір” деп жүгіріп кетті. Аз уақыттан соң қайтып келіп:
- Кшірініздер мен Нағиманы үйіне апарып тастайын. Қасым, сен қыздарды үйлеріне жеткізіп саларсың, - деді де кетіп қалды .
- Ерек: - Асан, деп еді, ол қайырылмады.
Біздің үй Еркенің үйіне көрші болатын. Мен үйге келіп, дөнбекшіп ұйықтай алмай жатырмын. Бір кезде терезе тырылдады. Есікті ашсам, Ерек екен. Жылап мойныма асылып кетті.
- Нәсіп, мен қалай Асанга сенгенмін? Ол опасыз боп шықты. Мені сүйетіңі жалған екен. Әне, олар көшеде қыдырып әлі жүр, дегені.
Мен ертеніне Асанмен сөйлеспекші болдым. Менең қашқақтап:
-Нәсіп, мен Еркені сүйемін, оны өмірімден де ақтық көремін. Бірақ онымен бірге бола алмаймын, мені кешірсін, - деді.
Мен осы сөздерді Еркеге айтқанда ол түнеріп, боп – боз боп кетті. Сөйтіп 10 сынып бітіріп, 11 сыныпқа көшкенбіз. Асан мектеп бітіріп, жұмысқа кірді. Нағима екеуі әлі жүреді.
Қыста Ерке ауырып қалды. Әке – шешесі оны аудандық ауруханаға алып барды. Ондағылар ауру диагнозын дәл қоя алмай, Оралға жібереді. Оралда бір апта жатып, дәрігерлер “бауыр ісігі “ дегенді айтыпты. Ерке қайта ауылға келді. Өздігіне жүре алмайды, тек отырады. Өте әлсіз. Ешкіммен сөйлеспейді. Әке – шешесі ешкімге көрсетпей тұншыға жылап, өз – өздерін жазғырады. Анасы мені кейде оңаша шақырып, жылап алады. Бізбен сөйлеспейді, әексінің тек қолын ұстайды. Түн ортасында әлгі жүгірмектің атын атап, кім еді, әлгі, иә “Асан” деп айқайлап шақырады. Күңім – ау, тәп – тәуір еді, ауырғанын байқамайда қалдық қой”, - деді еңілеп. Мен болсам Еркені аяп, бірге жыладым.
Сәуір айының бір күні маған “ сені Ерке шақырады” дегенде жүгіріп барсам, төрде төсекте жатыр екен. Мені көріп қуанып:
- Нәсіп, қалайсың ? – деді. Мен жақсымын деп, бас изедім. Ол бір кезде маған сыбырлап: - Асан жүр ме? –деді. Мен оны нағыласың, жүрген болар, одан да өз денсаулығынды ойла дедім. Ол зорлана күліп:
- Мен бе, енді мен адам болмаймын, болғымда келмейді. Міне, ауырғаныма үш ай сегіз күн болды, ал Асанды көрмегеніме үш ай он төрт күн өтті. Саған айтар сөзім бар, - деді. Мен бұл ауруды өзім тілеп алдым , міне , дәрігер берген дәрінің біреуін де ішкен жоқпын, мына бұрышқа тығып жүрмін. Үйдегілерге айтпа, олар білмейді. Иә оларға да оңай емес. Мен өлсем екеуі екі жерде қалады, қызығымды көреміз деп армандаушы еді, -деп жылады.
- Қайдағыны айтпашы, сен әлі – ақ жазылып кетесің.
- Жоқ, мен енді өмір сүргім де келмейді. Еңдігі арманым оны бір көру еді, әй, ол да маған бұйырмас, - деді.
- Нәсіп мен өмірде армансызбын. Асынды сүйдім, өкініштісі онымен бір бола алмадым. Ең болмаса сүйіспеппін де ғой. Маған өмір енді қызықсыз.Асанның басқамен жүргенің көргімде келмейді. Мен жоқта мені естеріңе алып жүресіңдерші, өтінерім!
Ертесі мен тағы да келдім. Екеуіміз біраз отырып әңгімен айтып, өткенді еске алып күлдік. Ол өте көңілді отырды. Оны көріп анасы қуанды. Кеш түсе қоштасып мен кетіп қалдым. Ол қолымды қысып ұзақ тұрып қалды. Сол күні әрең кешті батырдым. Түс көрдім, онда Ерке екеуміз аспанда ұшып жүрміз. Бір кезде Ерке жерге қарай құлап бара жатыр. Оған көмекке барайын десем, бара алмаймын. Жылап жатып, ояндым. Сағат түнгі 3 екен. Үйдегілер жатпаған тәрізді, кіріп – шығып жүр. Түкке түсінбей, ас үйдегі анама жүгірдім.
- Сабыр ет жаным, Еркеден айырылып қалдық, - дегенде басым айналып кетті.
Ертеңіне бәріміз Еркені соңғы сапарға шығарып салдық. Шешесі мен жеңгелері жоқтау айтқанда, жыламаған адам қалмады. Еркені жерлегенде Асан да келді. Егіле жылап, мәйітінде үнсіз қалып қойды.
Жеңгесі маған “Мына қағаз саған сияқты, Еркенің жастығының астынан шықты”, деп қағазды ұсынды. Ашып оқи бастадым. “Жан досым Нәсіп, екеуіміз армандаған күндер сағым болып кетті. Қош бол! Ал мына хатты Асанға берерсің” депті. Мен хатты алып Асанға бардым. Ол мені көріп, бері бұрылды. Ал мен досымнан айырылған соң оны көргім де келген жоқ. Оқып болып Асан хатты қайта маған ұсынды.Хатта:
«Сәлем, Асан. Осы хатты сен оқығанда мен болмаймын. Сені сүйдім, әлі де сүйемін. Мен сені кінәламай мын да, кешірдім. Мүмкін сен де мендегідей сезім болмаған шығар. Өмірде бақытты бол, жаным!
С әлеммен Ерке.»
Деп жазылыпты мен қағазды тастап, көзден аққан жасымды сүрте, жүріп кеттім.
Көп ұзамай мектепті де бітіріп, қолға құжат алдық. Училищеге оқуға түстім. Бірақ маған Еркедей дос та – былмады. Ауылға барған сайын оның басына барып тұрамын. Ал Асан болса үнемі жалғыз жүнжіп кетті. Ауруханада жылға жақын жатып шығып, ауылда жүрген. Үнемі далада, мола аралап жүреді дейді. Біреулер иесіз далада жын қаққан десе, біреулер “ Еркені ойлағаннан” дейді. Уақыт зулап өтіп, үш – төрт жылдан соң ауылға келсем, ауыл өзгермеген. Асанды көрдім. Өзгерген, қартайып кетіпті. Мені көріп таныды. Бірақ маған: “Ерек хат берді ме, келеме деген жоқ па, хатын берші, қайтып беремін қазір” деп қолыма жабысты. Оны көрген мен жылап жібердім. Сонда білдім, әлі де оның Еркені сүйетінін. Көзінде жәудіреп жас тұрады. Содан соң бір – екі жылдан соң естідім, боранда қаңғырып жүріп үсіп өлгенін. Айпақшы, Нағима әйелі өлген бір адамға тұрмысқа шыққан. Көрген күні күн емес дейді айтушылар.
Міне, сөйтіп қос ғашық қосыла алмай мәңгілікке көз жұмды. Бұл тек бір ғана, кішкене ғана мен кәу болған махаббаттың азабы еді, - деп сөзін аяқтады нәсіп шешей. Иә, махаббат деген жоқ деп қалай айтамыз осыдан соң. Қадірменді оқырман қауым, сондықтан да Қозы мен Баян қастерлеген махаббатты әрқашанда кірлетпей, биік ұстайықшы!
Іздейтің жасымыз, кәріміз,
Тебіренбей оқитың бәріміз,
Ақиқатты естігін келсе егер –
Өмірдің өз шындығын үлгідей
көр,
Көп өмір кешу сыры білдім дейді
ел.
Қанша рет қол дан түспей қайта
оқылсың,
Сонша рет өзің де өмір сүрдім дей бер!

2701 8
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 13 наурыз 2012, 15:41
Тегтер: авторы: Ернур Аденов. Мұңды махаббат, тағдыр, Ерке, Асан, Нағима
Пікірлер
+0
13 наурыз 2012, 16:59

м, да біреу міндетті түрде араласады ғой ондай кезде :(

+0
13 наурыз 2012, 17:42

Ойдан құрастырған өтірік әңгіме сияқты маған.

+0
13 наурыз 2012, 22:16

неге олай ойлайсыз??? Меніңше, шынайы көрінеді. Бірақ, сіз махаббатқа сенбейтін сияқтысыз ғой шамасы))

+0
13 наурыз 2012, 22:31

реалист болсандарш, ойға қонбайтын әңгімеғо мынау!

+0
14 наурыз 2012, 12:41

неге ??? қай жағынан ойға қонбай қалған а???

+0
14 наурыз 2012, 13:53

егер жігіт гашыктыктан кангып олетіндей суйген болса, ана кызды тастамас еді го! и вапче, мундай махаббат болады дегенге сенбим, біреу суймеді екен деп калай оліп калуга болады???

+0
13 наурыз 2012, 21:47

махаббаттын алдында бар1м1з де алс1зб1з гой...............

+0
23 қараша 2013, 00:48

менін жазбам мына сайттан орыннын тауыпты! ойга конат-конбайт деген ангиме керек емес, бул сендерге арналган, оны отирик деп ойласаныздар Оставьте своё мнение при себе! мында барлыгы шындык емес, озгертулермен жазылган!)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев