Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ақылды, білімді қыздар - қоғамның дерті

Ақылды, білімді қыздар - қоғамның дерті

Ақылды, білімді қыздар - қоғамның дерті

Адамның өзіне, ақылына, даналығына, парасатына көңілі толатын кезі бола ма екен? Мен қартайған шағымда да, "үйренерім көп екен ғой, соны неге білмегенмін" деп өзіме көңілім толмай жүретін сияқты. Мысалы, қазір артыма бұрылып қарасам, қаншама тұжырымдарым мен ойларымның қате болғанын аңғарамын. Көп жағдайларға әділ қараудың орнына, сезім мен түйсікке бой алдырғанымды ұғынамын. Менің пікірім мен көзқарастарыма сай емес пікірлерден әрдайым кемшілік іздеп табатыным да бар. Бірақ мұның бәрі тәжірибенің аздығынан, қателік жасауға бейімділігімізден. Өмірді бірінші рет сүріп жатқандықтан әр адам қателікке бой алдыратыны табиғи нәрсе ғой.

Сонымен, бұрын бір журналдан танымал адамның «Басты мақсатым – қыздарымды бірінші кезекте тұрмысқа беріп, қияға ұшыру» деген пікірін оқығаным бар еді. Бір қарағанда, өз қызы ғой, өзі біледі деуге болар еді. Бірақ маған ұнамағаны - сол адамның ыздарының білімді болуын емес, тезірек тұрмысқа шығып кеткенін қалайтыны. Біртүрлі қыздарды кемсіткені ұнамады. Сонда қыздың басты міндеті – тұрмыс құру да, ешқандай өмірдің қызығын көрмеу ме деген ойлар келді. Расында, менің көзқарасым феминистікке жақын болғанын қазір аңғарамын.

Замануи өмір қыздардың да ерлермен теңесуіне итермелейді. Олар да ерлерден кем емес жұмыс істеп, ерлерден кем емес жалақы алады. Ата-анасын асырап, бауырларының керегін бүтіндейді. Өйстіп жүргенде нәзіктігінен, әлсіздігінен, биязылығынан айрыла бастайтын сияқты. Қоғамда мықты, қайратты, еркекшора қыздар пайда болып, айналасынан жігіттерді қашырып жүргендері көп. Оған қоса ата-анасының еркесі, сүйіктісі, сүйкімдісі, жалғызы. Осы қасиеттердің бәрі қыз баланы тым талапшыл, өзімшіл, өркөкірек, тәкаппар етеді.

Әдетте тиянақты, тәртіпті, ақылды қыздар жұмысында абыройлы болады. Ол елге сыйлы, барған жерінің гүлі, оның жалақысы көп, сол себепті өзі қалаған бұйымды, киімді сатып алады. Тіпті шетел аралап келетіндері де баршылық. Ал осындай қыздың талабына қандай жігіт сәйкес келу керек деп ойлайсыздар? Әрине, өзі сияқты білімді, зиялы, сыйлы, табысты... Мұндай талапқа сай келетін жігіттер кем екені бесенеден белгілі. Өйткені, біздің елде, өкінішке орай, қыздар алғыр, әрі білімге құмар екенін байқаймыз және адамдардың оның көңілінен шығуы екіталай. Елімізде кәрі қыздардың саны артуының сыры да осыда ма деймін.

Сонымен, мен бастапқы сұхбаттағы пікірге қайта оралайын. Қазір ойлап қарасам, сол адамның пікірі дұрыс екеніне көзім жетеді. Қыз мұраты – білім алу емес, кету. Және осыны ата-анасы мектеп кезінен миына құя беруі керек сияқты. Университеттен бастап өзіне лайықты жігітті жолықтырып, отбасын құр деп тәрбиелеуі керек. Ал қалған өмірдің қиыншылықтарын ері, яғни күйеуі шешу керек. Ол оған керек білімді беріп, жер көрсетіп, киіндіріп, бар жағдайын жасау керек деген ойдамын.

Ақша, дүние деп біз жалпы адами болмысымызды ұмытып кетіп жатамыз. Сонымен қатар табиғаттың заңына қарсы шығамыз. Әу баста еркек – табыскер, ал әйел адам – үйдің берекесін келтіруші болып қалыптасты емес пе? Тіпті қызын еркелетіп өсірген қазақтардың да басты мақсаты қызын қияға ұшыру болып келген.

Сондықтан, біз түбірімізге қайта оралу керек сияқтымыз. Қыз бала ешқашан өзінің болмысын, яғни биязылығын, әлсіздігін, ер адамның алдында төмен екенін ұмытпауы керек. Ол қанша жерден мықты болса да ер адам бола алмайды. Ал соған ұмтылған сайын жалғыздыққа бір қадам жақындай түседі.

Қыз баланың міндеті – әдемі болып, сыпайы, биязы, инабатты, әрдайым әлсіз екенін, қамқорлыққа зәру екенін көрсету. Үйдің берекесін келтіруге тырысу, өз ақылын тек отбасының пайдасына ғана жұмсау.

Бұл, әрине, менің ойым. Бәлкім, қыз баланың білімді, ақылды болуы артық болмайды деулеріңіз де мүмкін. Бірақ ақылды болу бір бөлек те, дана болу бір бөлек екенін ұмытпаңыздар.

35
Рейтинг: +2

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 08 шілде 2014, 20:02
Тегтер: қыз, жігіт, кәрі қыз, әлсіздік, қыздар болмысы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.