Темір есік

Темір есік
жеке
блог

Темiр есiк

 

Адамдардың бүгiнде
Бiр-бiрiне қалғандай сенiмi өшiп.
Өмiр сүрер, әйтеуiр,
Қалмайын деп бар көштен, тек iлесiп,
Жатпаушы ма ед қазағым, 
Келедi деп қай кезде, күтiп қонақ.
Бүгiндерi конақты
қарсы алады қамалдай темiр есiк.

Темiр есiк...
Кем дегенде
Қос құлыппен құлыптанады.
Одан кейiн тексерер
Ішке қарай итерiп, сырттан әрi.
Кетерiнде үйiнен елге сенiп
Барма екен есiгiн
Таспен тiреп кететiн жұрттар әлi?

Жоқ та шығар, 
Кей жерде болар мүмкiн.
Темiр есiк о дағы салар бiр күн.
Қазақ бұрын алаңсыз демiн алса, 
Бүгiн есi шығады,
Ешкiм келiп
Бұзбасын деп ұйқының олар шырқын.

Ешкiмнiң де, 
Ала жiбiн аттамас елiм қайда?
Бауыр дейтiн, дос дейтiн сенiм қайда?
Заман өттi...
Сескенедi адамдар адамдардан
қай жерде де
Көргiсi кеп тұратын тегiн пайда. 

Адамдарда
қорқыныш, сенiмсiздiк.
Мына өмiрде алмайсыз тегiн сiз түк.
Бәрi-бәрi
Есептелiп жатыр ғой жоғарыда
Ақтала да алмассыз ол жерде сiз
Болады ғой о жақта тек үнсiздiк.
Ойланайық...