Мейлі өзгелер
жеке
блог

Мейлі өзгелер

Мейлi өзгелер
Ұнатсын да ұнатпасын,
Айта берсiн сен жайлы.
Сезiмiм де сенi сүйген
Бола берсiн елге әйгi.
Мына менiң жүрегiме
Сенiң ғана құшағың -
Бола алар өзгермейтiн ыстық мекен
Ең жайлы.

Мейлi өзгелер
Жақтасын да жамандасын
Айтса да сөз сыртыңнан.
Сенi ғана есiме алсам
Жүрегiм шын бұлқынған.
Өзгелер еш көре алмайтын
Сезе алмайтын тым ерек
Көздерiңнен от көремiн мен дегенде
Жыр тұнған.

Мейлi өзгелер
Сан мың есе
Болсын сенен тым артық.
Кемшiлiгiң болса сөксiн
iстерiңе сын артып.
Салыстырып көруге де келмейтұғын бағаң бар
өзiң барда маңызды емес
бiр мен үшiн
олар түк!