Данияр Өтеген өзінің имиджін өзгертті

Данияр Өтеген өзінің имиджін өзгертті
жеке
блог

Таяу арада Ringo тобы Таиланд елінде жаңа бейнебаян түсіріп қайтты. Бейнебаянның түсірілімі 4 күнге созылды. Енді «ринголықтар» Паттайя курортындағы Майкл Джексон, Селин Дион демалған қонақүйде тынығып жүр.

Бүгін Данияр Өтеген өзінің «Твиттер-аккаунтына» жаңа имиджінің суретін енгізді. Бұл суретте Даниярдың имиджі, расында да, өзгергені бірден байқалады.

«Сенің стилисің кім?» деген сұраққа Данияр: «Эксперимент жасап, өзіме-өзім стилист болдым» деп жауап берді. Ал Ringo тобының басқа мүшелерінің стилі аса үлкен өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Алуа Қонарова мен Ringo тобы Таиландтағы демалысынан ақпанның 23-інде ұшып келді.

http://1tv.kz/kk/news/culture/16022012/otegen