ДҮНИЕНІ ДҮБІРЛЕТКЕН КОСТА - РИКА немесе БАС БАПКЕРДІҢ ҚҰПИЯСЫ

ДҮНИЕНІ ДҮБІРЛЕТКЕН КОСТА - РИКА немесе БАС БАПКЕРДІҢ ҚҰПИЯСЫ
жеке
блог

Төрткүл дүние көз тіккен Бразилиядағы жасыл алаңдарда өтіп жатқан әлем біріншілігініңде ширек финал ойындары соңына жетіп үлгерді. Тартысқа өте бай өткен кездесулерді, жеңіске деген талпыныстың ұшар шегін бізге Коста Рика ұлттық құрамасы көрсеткендей болды. Әу басында Нидарландымен өтетін ойын болжамында қарсыластарына ұтылу мүмкіндігі жоғары деп табылған косталықтар ойын барысында өздерінің шебер ойындарымен табандылығын көрсетіп негізгі уақытты тең аяқтады. Әрине ойын барысында Нидарланды құрамасының бір бәс жоғары тұрғаны рас, бірнеше рет жүз пайыздық голдыңда қақпадан саңылау таппай қалуының куәсі болдық...

Бас төрешінің ысқырық үнімен қоса жамырасып косталықтарға жақтасуға көштік, өйткені ойын барысында бұл футболшылар стадиондағы жанкүйерлермен қоса экран алдындағы миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулап үлгерген еді. «Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, қызықтың көкесі қосымша таймдарда болды. Атақ абыройыда, ойын шеберлігіде аутсайдерден жоғары тұрған Нидерланды құрамасы қалай болсада жартылай финалға шығуы керек болатын. «Бақ шабама, бап шабама» дегеніндей қосымша таймдарда да еуропа құрлығы өкілдері қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады...

Ендігі үміт косталықтарға қаратылды... Көз алдымызда жартылай финал ойындары өтіп жатты, сенцасия. Ия, рас сенсация, Неймарсыз қалған Бразилияныңда қалын ескерер болсақ косталықтар чемпионаттың бір медальімен Отандарына оралары анық қой...

Біз күткен сәттте келіп жетті, ойын тағдыры пентальтилер арқылы шешіледі. Коста Рикада ұлан асыр тойға дайындық басталған шығар, өз басым оларды бүгінгі ойындарынан соң жартылай финал жолдамасына лайық көрдім... Тап осылай болуыда мүмкін еді, бірақ Нидерланды ұлттық құрамасының бас бапкері Луи Ван Гал «сиқыршы» екен, ол ойынның осылай өрбитінін алдын ала дәл болжапты. Неге олай деп ойлайсыз дейсіз бе, оны блогтың екінші бөлімінде айтармын. Ал қазір төрткіл дүниені түні бойы дүбірлеткен Коста Рика туралы бар білгенімізді ортаға салсақ...


Біз білген хәм білмеген Коста Рика.

"Коста-Рика Ұлттық құрама командасы", лақап аты "Лос Тикос" Коста-Риканың ұлттық құрамасы. КОНКАКАФ-қа кіретін құрамалар ішіндегі Мексика және АҚШ-тан кейінгі сәтті құрама. Коста-Рика футболдың ұзақ мәдениеті мен дәстүріне ие. Ұлттық құрама алғашқы ойынын Орталық Американың тәуелсіздігінің 100 жылдығына арналған чемпионатта 1921 жылы қыркүйекте өткізді. Жарыстағы алғашқы ойынында Сальвадор құрамасын 7-0 есебімен жеңді. Финалда Гватемала құрамасынан 6-0 есебімен жеңілді. Футбол тарихындағы ең ірі есептегі жеңіске Пуэрто-Рико құрамасын 12:0 есебінде ұтып қол жеткізген.

Басты футбол ұйымы Коста Рика футбол федерациясы. Осы әлем чемпионатын қоса алғанда  4 рет әлем чемпионатында ойнаған (1990, 2002, 2006 и 2014).  КОНКАКАФ турнирінде Коста-Рики ұлттық құрамасы үш рет бас жүлдені қанжығасына байласа (1963, 1969, 1989), 2002 жылы екінші және 4 рет қола жүлдені қанағат еткен (1965, 1971, 1985, 1993).

Бразилия жасыл алаңдарында косталық ойыншылар күллі дүние футболшыларына шеберлік сабағын өткендей әсер қалдырды, чемпионаттың аутсайдерлеріде де допты дұрыс тебе алатынын көрсетті. «Өлім тобы» деп есептелген топта, негізінен қарсыластар жемтігіне баланған құрама нағыз «жауыз» екендіктерін көрсетті. Топтағы алғашқы ойынында Уругвайды 3:1 есебінде тізе бүктіргенде, уругвайдың сәтсіздігі деп шуластық, косталықтардың жоғары дәрежеде ойын көрсетуін кездейсоқтыққа баладық. Италияндарды 1:0 есебінде жеңгенде аң таң болудан әрі аспадық, ақырын күттік. Ал, Англия құрамасымен тең ойнағанда, жеңістерінің кездейсоқ еместігін түсіндік, бірақ 1/8 ойындарында ұтыларына сендік. Грекияда осал құрамалардан емес, оңай жем болатын. Аса тартысты өткен ойында есеп тең аяқталып, пенальтилер сериясында косталықтар ширек финалға жол алды. Ширек финалда Нидерландымен тең ойнап, пенальтилер сериясына жетіп келгенде олардың жартылай финалға шығу мүмкіндігінің жоғары екенін болжадық. Шығуыда мүмкін еді, бірақ сол Нидерланды құрамасының бас бапкері «сиқыршы» болмағанында. Әнгімені алыстан алмай онда бас бапкердің құпиясына көшейік...

БАС БАПКЕРДІҢ ҚҰПИЯСЫ немесе НИДЕРЛАНДЫНЫ ҚҰТҚАРҒАН ГОЛКИПЕР

Жалпы 120 минут ойын барысында керемет ойын көрсеткен қақпашыны ойын бітуіне санаулы секундтар қалғанда бас бапкер Луи Ван Гал неге алмастырды? Қызық әрі күмәнді, футбол тарихындағы ерекше оқиға болды. Шынын айту керек бас бапкер алдың дұрыс болжапты, барша кездейсоқ жағыдайларға дайындалып келгенін осы көрініс арқылы ақ дәлелдеп тастады. Егер пенальтилер сериясына қақпашы алмастырмастан шыққанда нидерланды жеңіліске ұшырарма еді, кім білсін тағы. Не болғанда да бас бапкер дұрыс шешім қабылдағандай болды...

Сонымен 11  метрлік қос допты қайтарып, нидерландыға жеңіс сыйлаған қақпашы кім болды, расында да пенальтилер сериясына арнайы дайындалғанба еді?

Тим Крул 1988 жылы 3 апрельде Гаага қаласында дүниеге келген — нидерландылық қақпашы. 2001 жылы «АДО Ден Хааг» клубы жидесін киген қақпашы бүгінге дейін «Ньюкасл Юнайтед», «Фалкирк», «Карлайл Юнайтед» клубтары қақпасын қорғаған. Ал, ұлттық құрамадағы ойынын 2004 жылы жастар құрамасынан бастаған. Қызыметі барысында талай рет командаларына қорған болдығы туралы деректер жетерлік. Тағы айта кетеріміз Тим жастар арасында Еуропа чемпионы (2007), чемпиондар лигасының жеңімпазы (2009/10)...

Егер Коста Рика-Нидерланды ойынының «ең үздік» ойыншысы кім болуы керек еді, деген сұраққа келсек, мен сөзссіз бапкер Луи Ван Галды таңдар едім. Футбол әлемінде әлі ешбір команда қолданбаған тәсілмен жеңіске жеткен, пенальтилер сериясы үшін арнайы дайындалған қақпашы пайдаланған бапкер бұл атаққа толық лайық болар. Косталықтар солай болса да тойға дайындала берсе болады, тек қана Тим олардың жолына тосқауыл болы, болмаса өз Отандарында оларды жанкүйерлер мойнында жалтыраған медалдармен күтіп алары сөзсіз еді...

P.S: ФИФА төрешісі Өзбекстандық Равшан Эрматов қос құрама арасындағы белдесуді жақсы деңгейде басқара білді. Осы белдесуден соң бұл төреші әлем чемпионаттарының рекордын орнатқанын біреу білсе, біреу білмес. Бұл белдесу әлем чемпионаттарында өзбек төрешісі Равшан Эрматов басқарған  9-ыншы ойыны болды. Осыдан төрт жыл алдын ОАР дағы мундиалдың 5 ойынын басқарған болатын. Биылғы мундиалда басқарған ойындары саны төртке жетті. Ескере кетеріміз осы уақытқа дейін әлем чемпионаттарында төрешілер басқарған ойындары 8 кездесуден артық болмаған.  Жоэлю Кинью (Франция, ӘЧ-1994), Бенито Арчундии (Мексика, ӘЧ-2010) және Хорхе Ларрионде (Уругвай, ӘЧ-2010) сол көрсеткіштерге қол жеткерген болатын. Равшан Эрматов қазіргі уақытта  9 ойын өткеріп рекорд нәтиеже көрсетіп тұр. Тағы айта кетеріміз 36 жастағы төреші Бразилияда басқада ойындарды басқаруға тағайындалуы мүмкін деп күтілуде ...