Қайырымды футболшылар

Қайырымды футболшылар
жеке
блог

Футболшылар өте көп қаражат табады... Бұған күмәніңіз болмасын. Әлем футболының жарқын жұлдыздарының көпшілігі тапқан қаражатының белгілі бір бөлігін сауапты істерге жұмсайды, қайырымдылық шараларына бөледі. Бүгінгі блогымызда қайырымдылық  шараларының басында жүрген футболшыларға тоқталып өтеміз...

  «Ливерпул» дің бұрынғы,  «Фенербахше»нің қазіргі голландиялық шабуылшысы Дирк Куйт  Роттердамда ойнап жүрген уақытында ақ жас болуына қарамастан  «Дирк Куйт қоры» н құрған. Қор есепшотына қаражаттың  90 пайызы Куйттің футболдағы қызыметі арқылы келіп түседі, тек қана  10 пайызын басқа кісілер өткереді. Қор негізінен Африка, Азия және Оңтүстік Америка мемлекеттеріндегі нашар жағыдайдағы және ауру балаларға көмек қолын созады. Өкініштісі, Дирк көптеген балақайларға жәрдем бергеніне қарамастан, өзінің ең жақын кісілерінен айырылған. Алғашында інісі  Роан ракқа шалдығып дүниеден өткен. 2007 жылы әкесіде сол рак ауруынан қаза тапқан... Осы оқиғалардан соң Дирк өзінің екінші қорын, ракпен науқастанған кісілерге көмек беру қорын ұйымдастырды. Бұл қордың жұмысымен жұбайы Гертруда айналысып келеді. Дирктің футболдағы қызыметі оның қорлармен жұмыс алып баруына кедергі келтіргендіктенде, қор жұмыстарын жұбайы  Гертруда өз мойнына алған...

  Германия ұлттық құрамасының және «Бавария» клубы қорғаушысы Филипп Лам кем тәмінделген отбасыларға көмек көрсету қорын құрған және ол СПИДке қарсы ұйымдастырылатын акцияларда қатынысып тұрады.  «Челси» шабуылшысы Самуэл Это’О дүниенің түрлі бұрышындағы адамдарға материалдық көмек көрсетіп тұрады. Өзінің туып өскен қаласы Нконда да әр түрлі шаралар өткеріп тұрады. Бұл жерде ол балақайларға жан жақты көмек көрсетеді...

  «Алаңдағы арыстан» лақабын алған италиялық Женнаро Гаттузо 2003 жылы желтоқсан айында туған қаласы Калабрияда нашар отбасында туылған балаларға көмек көрсететін «Forza Ragazzi» («Алға балалар») деп аталатын қор құрған. Сонымен бірге, «Рино»да өз өмірін футболға бағыштауға ниет еткен, бірақ оған жетерлік мүмкіндіктері болмаған балақайларды дайындайтын арнаулы футбол мектебінде ашқан. Франциялық танымал футболшы Патрик Виейра Дакарда өз қаражатымен футбол академиясын ашқан. Бұл жерде мыңдаған сенегалдық балалар миллиондар ойынының қыр сырын үйренуде... Виейра – қайырымды кісі. Ол мұқтаж жанұяларға және ауру балаларға көмек көрсететін қорлар есебіне ірі көлемдегі қаражат өткеріп тұрады. Бразилиялық «Феномен» Роналдо да қайырымдылық шараларына белсенді қатысады. Ол  Бразилияда футбол мектебіне демеушілік етеді.

«Милан»ның бас жаттықтырушысы Кларенс Зеедорф футбол және бизнес арқылы тапқан қаражатын жанұясының қажеттіліктеріне жұсаумен бірге қайырымдылық шараларынада жұмсайды. Кларенс негізін қалаған «Champions of children» қорының қызыметі жәрдемге мұқтаж балаларға жан жақты көмек көрсетуге қаратылған...

  «Барселона» клубының бұрынғы қорғаушысы Эрик Абидал ракпен науқастанған соң, оның көзқарасы бүтіндей өзгерген. Ол өзіне тиісті болған бірнеше көлігін сатып, түскен қаражатты осы дертке шалдыққан баларға жәрдем беретін  ассоциация есепшотына өткізген.

  Абидалдың  ескі командаласы Давид Виля әр жылы Валенсия қаласындағы балалар емханасына қонаққа келіп, науқас және мүгедек баларға сыйлықтар үлестіріп, оларға материалдық жәрдем көрсетеді...  «Алтын доп»  иегері,  «Реал»дың бұрынғы  шабуылшысы Криштиану Роналду болса емханаға 100 000 мың евро көлемінде демеушілік жасаған. Кейінірек дәл осы емхана Криштианудың анасының өмірін сақтап қалған...  

«Алтын доп»тың 4 рет жеңімпазы Лионел Месси 2012 жылдың жаз айында Мексикада Америка және Мексика жұлдыздарының қатынасуымен «Мая кубогы» деп аталатын қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Билеттер сатылымынан түскен 100 мың эвро шараны ұйымдастырушы Мессидің жеке қоры арқылы мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болмаған балақайларды қолдап қуаттауға жұмсалған. Чехияда әр жылы балалар  интернаттары тәрбиеленушілері арасында  «Челси» қақпашысы  Петр Чех атымен аталушы турнир ұйымдастырылады. Ол әр бір жас футболшыға сыйлықтарын жеке өзі тапсырумен бірге, барлық кездесулерді стадионда отырып тамашалайды... сондай ақ емханаларда да болып көмектер ұйымдастырады. Арнайы иттерді дайындаушыларға да көмек қолын созады. Уақытында алған жарақатын емдеген Оксфордтағы госпиталдың нейрохирургиялық бөлімінің есепшотына қаражат бөліп тұрады...

Украиналық танымал аяқ доп шебері Анатолий Тимошук әр жылы туған қаласы Луцкда футболдан балалар арасында халықаралық турнир ұйымдастырып тұрады. Сонымен бірге қаладағы бір кездері өзі білім алған спорт интернатынада материалдық көмек көрсетіп тұрады... Тиманың «Зенит»дегі бұрынға клубтасы Андрей Аршавин де қайырымдылық шараларында ұдайы қатынасып тұрады... Ол Санкт-Петербургтегі «Смена» балалар футбол академиясына  материалдық тұрғыдан көмек көрсетіп тұрады.

  «Монако» шабуылшысы Димитар Бербатов Отаны Болгарияда бірнеше балалар қайырымдық қорларының демеушісі, сонымен бірге балалар үйлерінеде жәрдем беріп тұрады. Ол туған қаласы Благоевградта футбол академиясын ашуды жоспарлаған...

  Германия ұлттық құрамасының бас бапкері Йоахим Лёв Германияда балар футбоын дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Ол  «Жастар футболы» қауымдастығында вице президент лауазымында жемісті еңбек етуде... қауымдастықтың басты мақсаты – мемлекетте жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және футболды дамытуға қаратылған...