"АГИДЕЛЬ" деген не?

"АГИДЕЛЬ" деген не?
жеке
блог

Өткенде бір блог жазған едім. Соның басты суретіне "Агидельдің" суретін қойған болатынмын. Бірақ бұл суреттің сол жазбама тікелей қатысы болған жоқ. Негізі, сол жазбаның ішінде "Агидель" туралы жазып кетермін деп жоспарлаған едім. Ұмытып кетіппін...Cool

А

15 000 теңгеге орнатылған "Агидель"

Омар нағашым солай айтқан болатын. Менің есімде, ал сіздердің естеріңізде ме, ауылға бардым ғой. Нағашымның үйінде болдым. Сонда осы бір құрылғыны өмірімде алғаш рет көруім ғой. Қызықтым. Сөйтсем, жер астынан су тартатын насос құрылғы екен.

Қ

Сыртқы көрінісі осылай...

Мына жасыл түске боялған ағаштан жасалған жәшікті нағашым өзінің күс-күс алтын қолдарымен жасаған ғой. Бәйгеқұмның кез келген адамынан Омарды сұрасаңыз, бәрі таниды. Мектепте мұғалім. Бейнелеу өнерінен сабақ береді. Сонымен қатар ауылдағы дүкендердің, жалпы, тақтайшалардың жазуын, суретін осы нағашым сызып-жазады. Бұдан басқа ол жұртқа ұзын үстелдер, умывәлніктер жасап береді. Жұрт материалын өзі сатып әпереді.

Жәшік

Кешке таман жәшікті жауып қоюға болады.

Жаңбырдан қорған болар деп ойлайсыз ба? Жоға, Қызылорда облысында жаңбыр өте сирек жауады. Тек бес минуттай ғана жауады. Күзде ғой нәрмәлні жауатын.

Ж

Әншейін кірәскілей салған екен.

П

Шіләңгі шығатын жері

Т

Кезінде тауық асыраған ғой. Анау тұрған тауықкепе.

Э

Ұзындау переноскы керек үйден тоқты жеткізу үшін...

Кейін Серік жезде де анасының үйінде осындай құрылғының бар екенін айтқан. Қызылордада тұрады. Бөлемнің көршісінің үйінде де осындай зат бар. Сөйтсем, Қызылорда облысында мұндай құрылғылар көп сияқты ғой. Иә, Оңтүстік Қазақстанда кеңінен тараған шығар. Бірақ жер астындағы суды жақсы тартады. Напоры керемет. Осыдан душқа да су құяды, бақшаны да суарады. Қазір күн ыстық қой. Баклашкыға суды осыдан толтырып алсаң, қарғаның миы қайнаған ыстықта қажеті болады. Суы өте мұздай. Жалпы, жер астынан су тартатын насостың түр-түрі бар.

P.S. Бұрынғы маторлы шіләңгілер онша қосыла бермейді. Бақшаны жарты сағат ішінде суарып тастауға болады. Душқа да суды шелекпен тасыған шаршатады ғой, әрі күн ыстығына бірден жылып кетпейді. Өте мұздай...Smile