Адам өзгереді екен-ау
жеке
блог

Адам өзгереді екен-ау

Мен 10 оқып жүргенде  бөле інім 5 оқитын. Үсті басы жырыыыым-жырым болып жүруші еді. Мен өзімше намыс көріп, киімін үтіктеп беретінмін. Ол өзі «қырсыыыық» бала ғой, ерегескенде үтіктетпей, одан әрі мыж-мыж қылып киіп алатын еді. Таңертең алдымен кастюмы мен шалбарын киіп алып  /бойы ұзын болғандықтан шалбары қып-қысқа болатын/ қозыларды емізетін жарықтық. Маған ерегескені деп түсінетін едім. Екі жеңі қозылардың езуінен аққан сүтке малынып, ашып кеткен сүт сасып, жумастан сумкасын асына сала мектепке қарай далаңдай кетеді.  Сыныптас қыздардан қатты ұялатынмын інімнің түр-әлпетінен. «Інісін түзеп, жөнге салса нетті» дейтін болар іштерінен. Осылайша күндер өтіп жатты. Бір күні әлгі інім жын ұрғандай қастарын қырып тастапты... Адам қассыз түрі бір түрлі бола қалады екен ғой. Сонда білдім. Үйдегілер де әбден ұрысқан еді. Сөйтсе Алмас Кішкенбаев құсап қасының кішкене жерін алмақ болған екен. Сөйтсе көп қырып тастапты. Содан алып бәрін қырған. Бір қасы түгелдей жоқ болғасын, өзінше «ұялғансып» екіншісін де теңестіріпті.  Содан бөле сіңілім оған күнде таңертең қас салып беретін болды. Қарындашпен))). Татуаж дерсің.  

 Сөйтіп жүргенде інім ғашық болып қалыпты, сыныптас қызына. Жігіт болған осы екен, бой түзеу үшін ғашықтық сезімі жетпеген екен деп қорыттық. Себебі бірден сырт келбетіне мән бере бастады. Өзінің жалғыз келте шалбары бар еді, соны келтелігін білдіргісі келмей, сәл түсіріп киіп шығатынын байқадым. Екі беті жарылыыып кеткен ғой. Сондықтан кешкісін жұмсартатын крем, таңертең ағартатын тональныйын жағып жүретін болдық. Жыртығын жаматып, кірін жуғызатын болды. Айтқа кеңесіңді тыңдап, тәртіпті бола қалды. Махаббат бәрін өзгертеді екен. Мектеп бітірген соң үстен шаң жуытпас, шалбарының қырына қолыңды тіліп алардай болып жүретін болған. Сымбатты, бойы ұзын, сәнқой болды. Ондай болар деп ойламаған едім. Риза болып қалдым өзіне!!! Бақытты, ғұмырлы бол інішек.

Қазір ол армияда. Өзін сағыныыыып кеттім