Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жұлдыздар неден қорқады?

Жұлдыздар неден қорқады?

Жұлдыздар неден қорқады?

Бұл өмірде әр пенденің қорқыныштары бар. Күнделікті теледидардан көретін қазақстандық жұлдыздарымыз неден қорқады екен?

Жылан, тарақан, биіктік, ұшақ, тіпті үйлену мәселесі де отандық жұлдыздарымыздың үрейін ұшырады деп кім ойлаған?! «Еуразия» бірінші арнасы еліміздің шоу-бизнесіндегі 13 тұлғаның жауабына сай «қорқыныштар тізімін» жасап шығарды.

Танымал тележүргізуші Роман Миронов өмірлік тәжірибесінде 500-ден астам той-томалақты басқарып, асаба болған екен, әйтсе де оны үрейлендіретін нәрсе жоқ емес. Ол жыланды көрсе, «ой-бай» деп орнынан қаша жөнеледі.

Ал нәзік ару Әсем Жәкетаева тарақандардан қатты қорқады екен.

Әртіс Дәулет Әбдіғапаровты көргенде ешнәрседен қорықпайтын шығар деп ойлайтыныңыз анық. Дегенмен бұл алпамсадай батырдың ұшақтан үрейі ұшатын көрінеді.

«Азия» тобының мүшесі Ербол Шәріпов сахнаның жарығына үйреніп қалғаны соншалықты, қараңғы жерде өзін біртүрлі сезініп, қорқыныш сезіміне еріксіз бой алдыратынын айтады.

Еліміздің ең танымал әндерін жазған композитор Ice-тің (Сырым Нәбіқұлов) биіктіктен жүрегі аузына тығылады «Виа Негры» тобының бұлбұл үнді әншісі Диана Шарапова жақында жарақат алған болатын. Міне, сол сәттен бастап, бұл қорқыныш сезімі әрқашанда есінде қалатын болды.

Ер мінезді Ермахан Ибраимов талай қорқынышты сәттердің бәрін басынан кешкенмен, спорт жұлдызының айтуы бойынша, баршаға қажетсіз болып қалудан жаман нәрсе жоқ.

Әнші Айқын Төлепберген тек қана жол апатынан қорқады. Ол үшін әншінің жанкүйерлері әрқашанда «сәтті сапар» тілеп отыру керек.

«Орда» тобының жігіттері болса, ерекше жауап қайтарды. Мысалы, Ерболат Беделхан «жұрттың алдындағы ұяттан артық қорқынышты сезім жоқ» деп санайды. Ал Нұрлан Алымбеков болса адамды ренжітіп алудан қорқады екен. Оның айтуы бойынша: «әр адам сезімтал болғандықтан, әр іс-әрекетіңе абай болу қажет». Есболат Беделхан болса, үйленуге әлі дайын емес көрінеді. «Орда» тобының бойдақ әншісі, бәлкім, өзінің көңілінен шығатын сүйіктісін кездестірмеген болар.

«Арнау» тобындағы «қапқарашканың» емханаларға кірген бетте дәрілердің иісінен басы айнала бастайды. Сондықтан ол дәрігерлерге бармау үшін, сырқаттанып қалмауға тырысады.

Жүрегіне иман ұялаған, жеті қырлы, бір сырлы Нұрлан Әлімжан тек қана Жаратушы ие Аллаһ Тағаладан қорқатынын жасырмайды.

 

 

http://1tv.kz/kk/news/photo/21022012/korkynysh

4905 1
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 13 наурыз 2012, 12:41
Пікірлер
+0
13 наурыз 2012, 15:58

Нұрлан мәдес екен:)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев