Қашыңыздар, Массагетке қатал сыншы келді!

Қашыңыздар, Массагетке қатал сыншы келді!
жеке
блог

Соңғы кездері Массагет порталында жағымсыз пікірлер толып кетті. Бұрын мұндай емес еді. Әр жазған блогты (сапалы, сапасыз болсын) сынамайтын. Авторға сын ескертпелер сирек айтылатын. Ешкім сынамаған соң, автор өзіне көп алып, былжырап әр нәрсені бір жаза береді. Мысалы, Аида Толеубай деген қыз "Сәлем бердік" деп блог жазыпты. Және латын шрифімен. Тура бір агенттегі 5-ші кластың қызының смс-і сияқты. Мысалы делік, Массагетке сырттан бір адам кірді. Сырттан кірген адам - танымал блогқа өзекті, маңызды, сапалы блог шығады деп ойлайды. Сөйтіп сол ойдың жетегімен "Сәлем бердікті" ашып қалса - "Ойбай Массагеттік күндерім, жандарым мен келдім. Сендерді сағындым. Сендерсіз өткен күнім күн болмады, анау-мынау" деп жазған блогқа тап болады. Жаңа оқырман "мынау не пәле?" деп ойға берілуі мүмкін. 

Бір түсінгенім, Массагетке қатал сыншы керек екен. Мен бүгіннен бастап сайтқа шыққан әр мақаланы, әр блогты қатал сынайтын боламын. Әрине, егер сауатсыз болса. Әйтпесе, жақсы мақалада нем бар. Әйтпесе, сын болмаса сайт дамымайды. Массагет әкімшілігі мені дұрыс түсінеді деп ойлаймын. 

Әйтпесе сайт мына торт секілді былжырап кетуі мүмкін. торт