Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Біз кетеміз. Кету үшін келгенбіз - 3

Біз кетеміз. Кету үшін келгенбіз - 3

Біз кетеміз. Кету үшін келгенбіз - 3

"Жалпы адам деген қызық жаратылған нәрсе-ау! Туады, өседі, өледі.  Осы үш ұғымның арасында күйгелек ғұмыр кешеді. Бір нәрсеге ұмтыласың, талпынасың, өзіңнің шамаң жетпейтінін білген соң Алладан тілейсің, күтесің. Жоқ! Сол –жоқ, қанша күтсең сонша күт, онымен  тағдырдың да, адамның да шаруасы болмайды. Сонан соң көнесің, көндігесің, үйренесің, мойынсұнасың. Жылдар өтіп жатады, демек, сенің өмірің өшіп жатады. Қартаясың. Сонымен біттің... Арман қуып Алматыға келгеніме екі жылдың жүзі болыпты. Дәл осы мағынасыз тірліктің арасында мақсаттарыма қол жеткіземін деп асығып жүргенімде екі жыл көзді ашып жұмғандай өтіп кетті. Ойлап қарасам бітірген дымым жоқ екен. Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарар деушімеді?!"

Мен дәл осы сөздерді бір кітапқа сүйене отырып бұрынғы блогыма жазғанмын. Онан бері екі жыл өтіпті. Екі жыл деймін-ау, осы ой жетегімен төрт жылды артқа тастадым. 45-тен түсіп, ҚазҰУ-ға аяқ басқандағы басты мақсат – қызыл диплом еді. Оған да жеттік. Бірақ мына шыбын жан қанағаттанар емес. Кейде өзіме таңғаламын, дүние дегенге келгенде шүкірлігім таусылмаса да, өз ісіме келгенде неге сараңмын? Неге өзіме көңілім толмайды екен? Осы тойымсыздықпен талай рет қателікке бой алдырдым, сүріндім, шағылдым. Бір нәрсеге жеттім-ау дегенде тағы бірнәрсені қалап тұрамын. Түбінде іздегенім ол болмай шығады. Әлде бұл ақылымның, санамның күн сайын өсетіндігіненбекен? 

"Алатаудың жалғыз қызының" бауырында өткен төрт жыл мені түбегейлі өзгертті дей алмаймын. Керісінше, сабағымнан талай сындырды, тамырыма жете алмады-ау, артынан қайта тура жолға салды. Түбінде, өз көзқарасым, мақсатым, арманым қалыптасты. Осы беталыс мені мақсатыма жеткізсе екен... Жеткізсе... Тура жолда тұрмын, енді сонымен жүру қалды. Бұған дейін мақсат деп келгенім, құр әурешілік болып шықты, ал қазіргі мақсатым мені басқалардан биік етеді, осы мақсатымды ойлағанда өзімді шынымен өзгеден артық, өзгеден бақытты сезінемін. Шынымен, мен бақыттымын!

****

Осыған дейін жан дүниемді ақтара отырып қаншама посттар жаздым. Біреу ойыңыз қандай керемет, терең ой салдыңыз десе, одан сайын шабыттана түсіп, тағы жаздым. Жазғандарымды араға уақыт салып оқысам, өз ойымнан өзім ұяламын. "Елді түзету барлық адамға міндет емес. Ал, өзін түзету әр адамның қолынан келеді. Көп адам шамасы келетін шаруамен айналыспай шаршап жүр" деген сөздерді оқып едім, менің жасағанымда тура осылай болып шықты. Білу, оны біреуге үйрету оңай, бірақ, өз білгеніңе амал жасау сондай қиын! Мен ендігі уақытты өзімді түзетуге арнағым келеді. Себебі, оны басқа ешкім жасай алмайды. Мен де, сен де өзімізге ғана жауаптымыз. Өлетін өзіміз, есеп беретін тағы жалғыз өзіміз...


Көп нәрсе жазып қайтемін? Дәл қазіргі ойымды жеткізе алатын Абай мен Мұқағалидың мына бір сөзін жазумен бітірейін. Абай Адам туралы анықтамаға "Адам деген боқ көтерген боқтың қабы, Боқтан сасық боласың өлсең тағы, Менімен сен тең бе деп мақтанасың, Білімсіздік белгісі—ол баяғы... Қалай ғажап айтқан ә? Өмірдің мәнін түсінбестен асхана мен әжетханың арасында өтетін қайран өмір-ай... Біреуді сынау, біреумен дүниеде жарысу, ақша үшін жанталас, атақ үшін күрес, ұрсысу, көреалмау, қызғану, бәсекелесу... Адам осы үшін жаратылды ма? Адамдар тек құлшылық үшін жаралды. Тек, оны ұмыт қалдырып, өмірімізді мәнсіздендіріп алатынымыз қандай өкінішті!(

Ал Мұқағали:

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!...

 

Бәрі өтуде

Күн батып, кеш кіруде.

Жаңаруда дүние, ескіруде.

Болашақтан бейтаныс ұрпағымыз,

Босат деп тұр орнымды,

Естідің бе?!- дейді. Қосымша басқа не айтуға болады?

Осындайда тағы да айту керек нәрсені айта алмайтындығым үшін налитыным бар. Алайда, шынымен жүрекпен оқысаңыз, түпкі ойды түсінерсіз деп ойлаймын...

Асығыңызшы. Біз кетеміз. Кету үшін келгенбіз.

Ізгі ниетпен: кәусар мұнды қыздарыңыз Ай-керім.

Біз кетеміз. Кету үшін келгенбіз.

Біз кетеміз. Кету үшін келгенбіз - 2

8
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 27 маусым 2014, 19:03
Тегтер: Адам, өмір, өмірдің мәні, өмір туралы ойлар

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->