Жұлдызды блогтан көрінуге мүмкіндігіңіз бар

Жұлдызды блогтан көрінуге мүмкіндігіңіз бар
жеке
блог

Массагет сайты тағы бір Байқаудың басталатындығын хабарлайды.

Алда келе жатқан 6 шілде Астана күніне орай өзіміздің туған өлкеміз туралы айтайық. Қазақстанымыздың ресми астанасы Астана қаласы болса да, қасиетті еліміздің әрбір өлкесінің өз ерекшелігі, қайталанбас кепиеті бар.

Олай болса, ардақты да, құрметті Массагет оқырмандары. Неге өзіміздің туған өлкеміз туралы барша қазақстандықтарға паш етіп, мақтанбасқа? Туған ауылыңыздың, туған қалаңыздың немесе туған ауданыңыздың, туған аулаңыздың қандай ерекшеліктері бар? Бұл жерлермен сізді не, қандай естеліктер байланыстырады? Туған ауылыңыз тәтті балалық шағыңыздың куәсі екеніне күмәніміз жоқ.

Туған жерімізді өзіміз сапалы, көрнекі түрде ұсына біліп, айтпасақ, бізден басқа кім айтады? Олай болса, іске сәт.

Байқау 2 апта бойы жүреді. Әрбір аптаның үздік блогы 7 күнге жұлдызды блогтар қатарында тұратын болады. Осылайша әр аптаның жұма күні 1 үздік блог таңдалып, "Жұлдызды блогтар" қатарына енетін болады. 

Әр аптаның үздік блогын Массагет ұжымы блогтардың жинаған лайктарын, ондағы жазылған пікірлердің санын, сонымен қатар блогтың сапасы туралы субъективті пікірлерін есепке ала отырып анықтайды.

Ескерту. Конкурс аясында жазылған блогтарыңызды арнайы ашылған "Менің астанам" бөлімінде сақтаңыздар.

Іске сәт!