Жақсы көрем!
жеке
блог

Жақсы көрем!

Тағдыр адамдар үшін түрлі тосын сыйлар дайындайды. Және оған бір нәрсені себепші етеді. Менің тағдырым да маған керемет тосын сый дайындап, оған Массагетті себепші етіпті.

Осы Массагетке блог жазу арқылы көп нәрсені түсіндіп, үйрендім, шыңдалдым. Жақсы адамдармен таныстым. Әйтеуір, бағыма орай, менің жанымда үнемі жақсы адамдар жүреді, Аллаға шүкір. Embarassed

Массагеттік блогерлердің бәрін жақсы көрем! Бәрін! Тек бес адамды ерекше атап өтпесіме болмайды)

Мені «Массагет» деген ауылға шақырып, сонда «түрмеге мәңгі қамаған» Гүлжанның менің бүгінгі қуанышыма өзіндік үлесі бар! Оны қазір сағынам)Surprised

Жалпы блог жазуда Анардың жазбаларынан көп үлгі алдым. Рахмет! Ал Айконаның рецензияларын сүйсініп оқимын. Керемет қой! Ол жазып отырған киноларды мен де көрем, бірақ Айкона мен көрмеген дүниелерді көріп жазады. Сонысына қызығамын. Өзім рецензия жазбасам да, оның жазғандарын үзбей оқуға тырысамын.Kiss

Және екі адам бар. Оларды тіпті ерекшелеу керек мен үшін! Өзімізше өзімізді «Массагет табыстырған Үш Бәйтерек» деп қоямыз)

Мұңды серік еткен Мақпалды жақсы көрем. Оның жарқ етіп шығар күні мен жүзінде күлкі ойнаған бақытты шағын көргім келеді.Laughing

Ал Аида есімді тентек қыз туралы айтпау мүмкін емес. Аида ерекше қыз. Мені театр туралы жазбаларымнан өзіне тартып, тіпті егіз қозыдай болып кеттік. Аида менің ойымды, сырымды жанарымнан-ақ оқи беретін сияқты. Қазір менің «болашақ өмірім» үшін біраз тер төгіп жүр))Foot in mouth

Неге екенін білмейм, бүгін блогсферадағы өзіме жақын адамдарым туралы айтқым келді. Жазғым келді. Себебі бүгін мен үшін блогсферадағы ерекше күн! Ерекшелігі өз құпиямда қала берсінші!

Сіздерді жақсы көрем! Рахмет бәрі үшін!KissYell