Bionic тобы «Новая волна» байқауының жартылай финалына өтті

Bionic тобы «Новая волна» байқауының жартылай финалына өтті
жеке
блог

Bionic тобы «Новая волна» байқауының жартылай финалына өтті

Танымал Bionic тобының қыздары «Новая волна» байқауына кездейсоқ тіркелген болатын. Дегенмен бұл байқаудың жартылай финалына өткені оларға күтпеген жаңалық болды.

Бұған дейін жыл сайын өтетін «Новая волна»  байқауында еліміздің  көптеген жұлдыздарының бағы жанды. Олардың ішінде   «Ринго»  тобы мен Қайрат Түнтеков   бұл байқаудың бірінші бестігіне кіріп, елімізге зайырлы жүлдемен оралған болатын. Ал Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Нұржан Керменбаев, «101» тобы, Айқын жай ғана байқауға қатысса да, халық алдында бұл жұлдыздардың деңгейі бірден көтерілді.

Әділ Лиянның хабарлауы бойынша, Bionic  тобы байқаудың шарттарына байланысты 3 ән  дайындаған екен.  Олар өздерінің әндерінің ішінен «Другая я» деген әнді осы байқауда орындауға лайық деп шешіпті.

Жазда болатын байқауға Bionic  тобының қыздары қазірден бастап дайындықты бастап кетті. Олар Миша Краветц есімді дизайнермен бірге киім үлгілерін ойластырып қойыпты. Сонымен қатар қазақ тілінде «Керемет»  деген жаңа ән жазып үлгерді.

«Новая волна» байқауына өткен әншілер тізімін таяу арада біле аламыз. Бұл байқауға қатысуға Mysterions   тобының жігіттері де өтініш білдірген.

 

http://1tv.kz/kk/news/culture/11032012/bionic