Футболдан Әлем Чемпионатының гимндері

Футболдан Әлем Чемпионатының гимндері
жеке
блог

Бүгін түнде басталған футболдан Әлем Чемпионаты қарсаңында соңғы 20 жылда футболдан өткен Әлем Чемпионаттарының гимндеріне тоқтала кеткенді жөн санадым. 

Ең алғаш рет "Әлем Чемпионатының өз гимні болу керек" деген түсінік 1962 жылы қалыптасты. 1962 жылы Чилиде өткен Әлем Чемпионатында Лос Рамблерстың "El rock del mundal" (ӘЧ-ның рок-н-ролы) әні футболдың өзіндік ерекшелігін ән арқылы беруге болатындығын дәледеді.

Осы жылдан бастап әр чемпионатқа арнап әншілер өз әндерін жаза бастады, кейінен бір әнді нақты гимн ретінде таңдап, бекіту жүйесі енді.  

1990 - Италия

Әннің негізгі атауы "Un estate Italiana" деп аталып, Эдуардо Баннати (Edoardo Bennato) мен Жейна Наннини (Gianna Nannini) орындауында итальян тілінде шырқалды. 

Алайда, чемпионат елдің есінде бұл әнмен емес Лучано Павароттидің финалдық ойындардың басталуында достары Пласидо Доминго мен Хосе Каррераспен орындаған әнімен қалды. 

1994 - Америка Құрама Штаттары

1994 жылдың ресми гимні ретінде Queen тобының "We are the champions" атты әні бекітілді. Әлі күнге бұл ән жеңімпаздардың бойтұмары болып келеді. 

Алайда, Әлем Чемпионатының ашылуында Дэрила Холланың "Gloryland" әні орындалды. 

1998 - Франция


1998 жылы Рики Мартиннің "La Copa de la Vida" әні таңдап алынып, оның ағылшын тіліндегі нұсқасы "The Cup of Life" деп аударылып, ӘЧ-ның ресми гимні болып бекітілді. 

2002 - Оңтүстік Корея мен Жапония

Бұл шығарманың нақты атауы жоқ болса да, бұл гимнды грек композиторы Вангелис (Vangelis) пен жапондық компазитор Такка Ишина (Takkyu Ishino) бірігіп жазғаны белгілі. 

Алайда, Вангелис пен Ишина екеуі жазған бұл гимн тек Оңтүстік Корея мен Жапония аудиториясына арналған еді. Ал әлемге ӘЧ-ның ресми гимні ретінде Анастейшаның (Anastacia) танымал әні "Boom" бекітілді. 

2006 - Германия

2006 жылдың ресми гимні ретінде Герберт Грюнмаейер (Herbert Grönemeyer), Амаду Багайоко (Amadou Bagayoko) және Мериам Думбиа (Mariam Doumbia) үшеуі бірігіп орындаған "Celebrate the Day" әні бекітілді. 

Алайда, ӘЧ-ның ашылуында Il Divo квартеті мен Тони Брэкстон (Toni Braxton) бірігіп орындаған "The Time of Our Lives" әні орындалды.

2010 - Оңтүстік Африка


2010 жылдың ресми гимні ретінде R.Kellyдің орындауындағы "Sign Of A Victory" әні бекітілді. 

Ал ойынның жабылуы кезінде Шакира мен оңтүстік африкалық Freshlyground тобының "Waka Waka (This Time for Africa)" әні орындалды. 

Бұл әннің танымалдылыққа ие болғаны сонша, әлі күнге әлемдік музыкалық чарттарда алдыңы орынды бермей келе жатыр. 

2014 - Бразилия

Биылғы Әлем Чемпионатының ресми гимні ретінде рэпер Питбуль, Дженнифер Лопес және бразилиялық әнші Клаудиа Лейтенің орындауындағы "We Are One" әні бекітілді.  Бұл ән екі тілде жазылды - ағылшын және португал тілдерінде.