Асыға күткен футбол мерекесіде басталды

Асыға күткен футбол мерекесіде басталды
жеке
блог

Женнифер Лопес  ӘЧ-2014 ашылу салтанатында қатынасады.

Танымал  голливуд әншісі Женнифер Лопес 12 июнь күні Сан-Паулуда бастау алатын  футбол бойынша кезектегі әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатынасады.  Біраз уақыт бұрын әншінің бұл салтанатта қатынаспайтындығы туралы хабар тараған еді.

  Лопес  әлем чемпионатының ашылу салтанатында  рэпер Питбул және  Клаудия Леиттемен арнайы дайындалған әнді орындайды. Орындалатын ән  “We are One” ( “Біз біргеміз" ) деп аталады.

  “Женнифер өзінің жанкүйерлерін және  футбол фанаттарын ренжітпекші емес, ол ашылу салтанатына қатынасады”, - деген мәліметті таратты  Infobae сайты.

  Мәліметтерге сүйенсек ашылу салтанаты 25 минутты құрайды. Сол сәтте 600 артист,  гимнасттар және бишілер өз өнерлерін көрсетеді.  Лопес, Питбул және Лейттенің орындауындағы  “We Are One” әні осы мерекені аяқтап береді.

Мираброр Усмонов FIFAның арнайы орденімен марапатталды.

Осы күндері  Бразилияның Сан-Пауло қаласында  FIFA  64-Конгрессі  өтуде. Конгресс қатынасушысы  Өзбекстан  футбол федерациясы президенті Мираброр Усмонов FIFA президенті Zepp Blatter ұсынысымен футболдың дамуына қосқан ерен еңбегі үшін  “Еңбегі үшін” орденімен марапатталды. бұл орден әр жылы бір рет  FIFA Конгрессі тәрепінен футболдың дамуына қосқан еңбегі үшін футбол мамандарына тапсырылады. Бұл Орта Азияда осы орден иегері атанған алғашы маман. 

Әлем чемпионатының алғашқы ойынын Жапониялық төрешілер басқарады.


Бразилиядағы  мундиалдың алғашқы төрт ойынын басқарушы төрешілер анықталды:

  Championat.asia сайты тарқатқан хабарға сүйенсек, әлем чемпионатының алғашқы ойынын жапониялық төреші  Юичи Нишимура басқаратын болды.

  Испания – Голландия ойыны  италиялық  Никола Риццолиға  сеніп тапсырылды.  Мексика – Камерун белдесуін колумбиялық  Вилмар Ролдан басқарады.

 Чили және Австралия арасында өтетін ойын  Кот д'Ивуар өкілі  Ноумандиез Дуе қолында.

Орта Азия «жолбарысы» жұлдыздардың ойынын тексереді.

  Мундиал ойындарын Орта Азиядан тек қана Өзбекстандық төреші  Равшан Эрматов басқару құқықын алды. Осыдан төрт жыл алдын ОАР өткен мундиальдада бес ойын басқарып, бір чемпионатта бес ойын басқарған әлемдегі  үш төреші қатарына енген болатын. Осы ойындар нәтижесінде өзбек елінің президенті қолынан «Өзбекстан мақтанышы» белгісін алған болатын. 2008-2011 жылдар аралығында Азияның, 2011 жылы әлемнің «ең үздік төрешісі» атағын жеңіп алған.