ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ МАМАНДЫҚТАРЫ

ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ МАМАНДЫҚТАРЫ
жеке
блог

Жұлдыз болып туылмайды, жұлдыз болып қалыптасады. Бұған дәлел бүгінгі таңда миллиондаған фанаттары бар танымал жұлдыздардың биографиясы. Күні кеше кафе барларда ыдыс жуып жүргендер бүгінде адамзаттың кумиріне айналған.

Мадонна – бүгінгі таңдағы поп-музыканың ханшайымы. Алғашқы жұмысы: кафеде тәттілерді сату.

 

Джулия Робертс – америкалық актриса. Алғашқы жұмысы: даяшы.

 

Брюс Уиллис – америкалық киноактер. Алғашқы жұмысы: бармен.

 

Том Круз – Голливуд актері. Алғашқы жұмысы: қонақ үй дәліз қарауылы.

 

Жасмин – ресейлік әнші. Алғашқы жұмысы: медбике.

 

Гарик Мартиросян - Сomedy Club продюсері. Алғашқы жұмысы: невропатолог-психотерапевт.

 

Сонымен қатар бүгінгі таңда жүзден аса елде жеке тез тамақтану орталықтарын (Fast Food) ашып үлгерген атақты KFC тағамын ойлап тапқан Гарланд Дэвид Сандерс те бірден тасы өрге домалаған адам емес. Оның ойлап тапқан мәзірінің миллиондаған адамның ас үстеліне жеткенінше де біраз жылдар қажет болған. Нақтырақ айтсақ оның кулинарияда жолы 74 жасында болды. Ерекше мәзірдегі тауық еттерін дайындайтын KFC корпорациясын Сандерс мырза екі миллион долларға жергілікті кәсіпкерлерге сатқан.

 

P.S.: Жолым болмады, бұл мамандық менің жанымның қалауы емес деп күйіне бермеңіз. Тағдыр сізге қандай сый дайындап қойғанын кім біледі...