"Тауық етіне де күмән бар"

"Тауық етіне де күмән бар"
жеке
блог

Ресей  Федерациясынан әкелінген құс етінен "сальмонелла  таяқшалары"  табылды, - деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптесіміз, тілші Ербақыт Амантайұлы. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы жүргізген тексеріс нәтижесінде 10 келі туралған тауық етінде қауіпті аурудың бактериялары бар екені анықталған. Бұл бактериялар адам денсаулығына қауіпті "сальмонеллез" ауруын тудырады. Тағам  нысандарын  санитарлық  қадағалау   бөлімінің   бас маманы Гүлшарат Қожатованың айтуынша, қауіпті етті сауда айналымынан алып тастау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жоспарлы тексеріске уақытша тиым салынғандықтан, осы қауіпті тағам өнімі сатылған дүкеннің басшыларына, тауық еттерін көтерме бағамен сататын жеке заңды тұлғаларға, сондай-ақ мүдделі ведомстваларға хаттар жолданған.

Дайындаған: Олжас Болатбекұлы