Қайсар әке мен ержүрек Рашида

Қайсар әке мен ержүрек Рашида
жеке
блог

Он сегіз мың ғаламның біреуінде ғана тіршілік бар. Тіршілік бар жерде «өмір сүру керек!» деген қағида тұрады. Тағдырдың тосын сыйына төтеп беріп, нәпақасын «дипломсыз»  тауып жүрген жандар  бүгінде аз емес. Өмір сүру үшін басын тәуекелге тігіп, алаяқтық жасағандар да кездеседі. Тиісінше, адал еңбегімен нәпәқа тауып, айналасындағыларға бақыт сыйлаған жандар бар. Сондай жандардың бірі әрі бірегейі  өз кәсібінің майталманы, Астаналық етікші- Сергей Михайлович.

-Бала кезіңізде кім  болғыңыз келетін?

- Кішкентай кезімнен ұшқыш болсам деген арман  болды. Әуеге  көтерілген тікұшақ пен ұшаққа қарап,  өзімді әуе көлігін  басқарып отырмын деп елестететінмін. Өкінішке  орай, балалық арманым мәңгілік арман  болып қалды.  Такси  жүргізушісі  болғанымда да арманымнан бас тартпай әлі де  ұшқыш болып кетермін деп үміттендім. Бірақ, олай болмады. Етікші болдым. Жұмыс істеп отырған кезде  «ұшқыш болмасам да,  әуеге бір рет көтерілсем екен» деп ойлап отырамын. Арман алдамайтынына сенемін! 

- Бұл кәсіпке қалай келдіңіз?

- Таныс етікшінің жанында отырып бұл кәсіпке қызығушылығым оянды да, өз еркіммен тігіншілікті үйреніп алдым.  Мені бұл  жолда ақша  үшін  жүр десеңіз қатты қателесесіз. Бұған дейін электромонтер, шафер болып та  жұмыс істедім. Диплом қолда,  бірақ  ол бойынша  жұмыс істемедім. Өмірімнің  20 жылын осы аяқ киім  шеберханасында  өткіздім.

- Өкінбейсіз бе?

- Жо-жоқ,  өкінбеймін. Барған жерімде де «мен етікшімін» деп намыстанбаймын. Той-томалаққа,  жиындарға барғанда достарым да келеке еткен емес. Себебі,  олар менің қандай  жолмен  нан  тауып отырғанымды біледі. Көз майымды тауысып,  саусақтарым қанағанша істеген күні  «қолымда диплом, басымда баспана болса да мен не  үшін  бұлай  қиналамын?» деп,  қолымды бір сілтеген кездерім  де болды. Бірақ, бұл жұмысымнан бас тарта алмадым. Керісінше, дәл осы кәсіппен айналысқаныма,  өмірімнің  жартысынан көп уақытын  аядай шеберханада өткізгеніме қуанамын.

- Балаларыңыздың кім болғанын қалайсыз?

 - Үлкен  ұлым колледжде связьда оқиды. Болашақта аэропорт  істесе деймін. Кіші ұлым мектепте     9 - сыныпта оқиды. Ағасының жолын қусам дейді.

- 20 жыл  ішінде аяқ киіміне қарап иесін танитын дәрежеге жеткен  боларсыз?

-Әрине. Қолыма түскен аяқ киімінің қай жері бүлінгеніне қарай иесінің  жүріс-тұрсыны көзіме елестетемін. Ол қарапайым.

-  Қарапайым клиентпен сыйластықтарыңыз ажырамас достыққа  ұласқан кездер болды ма?

- Сыйластық - ол өз алдына  бөлек. Мен әрбір клиентімді  құрметтеймін. Бірақ, сіз айтқандай достыққа  ұласқан кезім болмады.

- Қазіргі арманыңыз қандай?

- Балаларым бақытты болса маған сол жеткілікті.

- Ал қасыңыздағы әйел жолдасыңыз ба?

- Жоқ. Жолдасымның қайтыс болғанына биыл бес жыл болады. Бұл - ағамның келіншегі, жеңгем.

 

Жоғарыда Сергей «тігіншілікке жеңгем арқылы келдім» дегені бар еді. Оның  жеңгесі – Рашида Акрамовна. 1977 жылы Целиноградта  кәсіптік-техникалық училещеде аяқ киім тігу және  жөндеу» мамандығын бітірген  екен. Астана халқы "ержүрек Рашида" деп атап кеткен  Рашида Акрановнамен де сұхбаттасудың сәті түсті.


- Сіздің таңдауыңыз мені таң қалдырып  отыр. Сұрақты  бірден батыл қадамға неліктен  бардыңыз деп бастасам...

-  Мұнда таң қалатын дәнеңе де  жоқ. Мен оқыған училещеде  «аяқ киім тігу және  жөндеу»  мамандығында қыздар көп еді. Айына  30 рубль  стипендия алатынбыз. Болашақта  етікші боламын ба  деп қысылатынмын. Бірақ оқытушылар мамандығымыз жайлы «сендер т  етік тікпейсіңдер, кез-келген аяқ киімді жөндеп,  қалаған формаға келтіріп тігесіңдер» деп түсіндіретін. Қазір  бұл мамандықты таңдағаныма еш  өкінбеймін.

- Сіздің арнайы біліміңіз бар екен. Келген клиентке аяқ киімге қалай күтім  жасау керектігі жайлы  кеңес бересіз бе?

- Қазір  аяқ киімдердің барлығы сапалы емес. Бағасы қымбаттың сапасы жақсы болады деген  қате түсінік. Ең алғашқы   аяқ киім былғарыдан тігілген. Ал қазір  таза былғарыдан жасалынған аяқ-киімді таппайсың.  Сондықтан, бір аяқ киімді ұзақ кигің келсе,  ұқыпты бол дегеннен  басқа ештеңе айтпаймын.

- Астанада кәсіби етікшілер көп екен. Бір қалада болғандықтан өз араларыңызда бас қосу болып тұрады ма?

- Жазда демалыс басталғанда жиналып тұратынбыз. Ал  күнтізбеге қарасақ 26 қараша -Халықаралық  етікшілер күні екен. Мерекеге орай бір-бірімізді құттықтап, жиналамыз.

 

- Жалпы, екеуіңіз бір шеберханада болғандықтан табыстарыңыз ортақ па, әлде  бөлісіп аласыздар ма?

- Біздікі «әулеттік  бизнес». Екеумізге де ортақ.

- Сөзге келіп қалмайсыздар ма?

- Бір үйге баратын қаражат болғандықтан "сен аз таптың, мен көп таптым" деп міндетсінбейміз.

- Керек-жарақтарыңызды қайдан аласыздар?

- Аптасына бір рет «Джафар» сауда орталығынан аламыз.

- Қай маусымда клиенттер көп келеді?

- Жазда бәрі тыныш болады. Күз басталғанда клиенттер легі үзілмейді.

- Соңғы тіккен аяқ киіміңіз есіңізде ме?

- 500 теңгеге кішкентай баланың сандалиінің табанын  жөндедім. Негізгі бағасы 700 теңге болатын. Клиенттер аз болса бағаны түсіріп отырамыз. 

- Мамандығыңыздың басқа кәсіптен ерекшелігі

- Батылдық пен шыдамдылықты қажет ететін қара  жұмыс.

- Клиентіңізден не күтесіз?

- Мейрімділік.

-Сұхбатыңызға көп рахмет! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!