Алмас Мұстафаев: "Қазақтың ұлттық саз аспаптарын әлемге танытқым келеді"
жеке
блог

Алмас Мұстафаев: "Қазақтың ұлттық саз аспаптарын әлемге танытқым келеді"

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап

Абай 

Бізде: " қолда бар шикізаттан қазақылықтың иісі аңқитын түрлі заттар жасап, соны сатудан түскен кірісті күнкөріс қажетіне жаратып, өнімін ұлттық брендке айналдыра отырып, пайда табу көзіне айналдыру" деген ой кәдімгідей қорқынышты боп көрінеді. Басты себеп, сол өнімді тұтыну аясының шағын болуы. Алайда, уақыт өте қазақтың қолөнер бұйымдары арқылы үлкен компания құрып, өзіңді ғана емес, өзгені де жұмысқа тартып, екі қолға бір күрек тауып беріп отырған азаматтар бұл қорқынышты сейілтіп, негізсіз екенін дәлелдеді.

Рас, осындай қорқыныштың құшағында жүргендердің бірі - мен өзім болатынмын. Кезінде, "Ғаламарт" компаниясында бір жылға жуық жұмыс істеп, басқа салада өзімді сынап көру мақсатында бағытымды өзгертіп, басқа салаға кеткеннің бірімін. Блогиаданың 2 кезеңі, 2 - турына "Кәсіп. сұхбат" тапсырмасы берілген сәтте өзім алғаш ашылған кезінде қызмет еткен "Ғаламарт" компаниясына барып, директоры Алмас Мұстафаевтан сұхбат алуды ойладым. Ойым орындалды. Мен істеген кезде, әр сатылған бір домбыраға қуанатын ек, ал қазір 3 жылдан кейін қандай дәрежеге жеткенін өздеріңіз видеокасттан тамашалап көріңіздер. 

"Ғаламарт" компаниясы Қазақстанда қазақ ұлттық саз аспаптарын жасайтын бірегей компания. Басты жасайтын өнімі - домбыра. 

Алмас Мұстафаев, Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылының тумасы. Абай атында ҚазҰПУдың "Қолданбалы қол өнер" факультетінің түлегі. Танымал домбыра жасаушы шебер.  "Ғаламарт" компаниясының негізін қалаушы. 

 

Алмаспен болған сұхбаттан ұққаным, алға қойған мақсаттыңа жеткің келсе тынбай жұмыс жаса. Саған ешкім көмек қолын созбайды, өзің талаптанған жағдайда ғана өзің діттеген биігіңе жетесің. Саған сенген, сенетін адамдардың сенімін ақтай біл!  

Бүгін өзіме алғашқы сынақ ретінде видеокаст жасап көрдім, болашақта бұдан да жақсы видеокаст жасайтыныма сенімдімін :). 

Суреттер: автор мен Алмас Мұстафаевтың жеке мұрғатынан алынды.