Жерді құтқару

Жерді құтқару
жеке
блог

Алғашқы ақыл иелері

" Құс жолы" деп аталатын ғаламшарда ең алғашқы ақыл иелері ғаламшар ортасында бір, шет жақтағы орамдарда екі , барлығы үш түрлі, шамамен бір мезгілде пайда болды. Ортадағылар суыққанды кесірткелер еді. Шеткілердің біреуі жәндіктер, біреуі гуманоидтар болатын. Миллиондаған жылдар бойы ғаламшардағы жалғыз ақыл иесі шығармыз деген сеніммен өмір сүріп, сәуле жылдамдығын жеңіп,басқа жұлдыздарға қоныстана бастағаннан кейін, бір-бірін кездестіре бастады. Кесірткелер мен гуманоидтар бір-бірімен елшілік орнатып,сауда-саттықты жолға қойып, тату-тәтті болмаса да қалыпты тіршілік ете бастады. Өйткені олар бірі суық қанды,екіншілері жылы қандылар деп бөлінгені болмаса,өмірге деген көзқарастары(атап айтқанда: билікке құмарлық, байллыққа ұмтылу, сұлулықты дәріптеу,сатқындық пен адалдық туралы түсінік,т.т) бірдей еді. Ал жәндіктерді түсіну мүмкін емес еді.Қазіргі көк егінді отап кететін шегірткелер сияқты,олар алып ғарыш кемелерімен көшіп жүріп, планетаның қазба байлықтарын түк қалтырмай тонап,жеуге жарайтынның бәрін жеп,келесісіне қоныс аударумен болатын. Оның үстіне геометриялық өрлеу бойынша көбейе беретін. Оларды осы айтылған тірліктерден басқа ештеңе қызықтырмайтын.

Түптің -түбінде жәндіктер ,кесірткелер мен гуманоидтар тұратын ауданға кіре бастады.Гуманоидтар мен кесірткелер одақ құрып,жәндіктермен соғыс басталды. Не гуманоидтар мен кесірткелер,не жәндіктер қалуы тиіс өмір сүру құхығы үшін сұмдық соғыс басталды.Жүз жыл өткеннен кейін жәндіктер қалмады. Бірін қалтырмай қырып салды. Бірақ гуманоидтар мен кесірткелер де аз қалды. Ғаламшардағы барлық оттекті планеталарды(мынау сенікі,мынау менікі деген әдіспен) бөліп,өздерін мыңдаған жылдардан кейін қайталайтын тіршілік спораларын қалтырды. Өйткені жәндіктермен соғыс кезінде қолданылған биалогиялық қару әсерінен көбею мүмкіндігінен айрылған болатын. Вирустан аман қалған кесірткелер мен гуманойдтар көбейе алмайтын,бірақ мәңгі өмір сүретін тіршілік иелеріне айналған еді.Олар ғарыш кемелеріне мініп алып,өздерінің мүмкін болатын рухани және нәсілдес ұрпақтарын бақылап,және қамқоршы болып планетадан планетаға кезіп жүретін еді.

Екінші соғысты гуманоидтар бастады. Кесірткелердің ұрпақтары мекендеп жатқан суы мол,жылы, жап-жасыл планетаға қызыққан гуманоид, өз бетімен ұшып бара жатқан астеройдты әлгі планетаға бұрып жібереді. Соққыдан болған сұмдық жарылыстан кейін планета суып,суыққанды кесірткелер қырылып қалады. Бос қалған планетаға тіршілікке қолайсыз планетадан өз ұрпақтарын көшіріп алып келеді. Ендігі соғыс ұрпақтар үшін тіршілікке қолайлы планеталар үшін басталды. Соғыс кейбір кесірткелер мен гуманоидтардың дамудың тағы бір сатысына (энергия түріне) көтерілуіне байланысты тоқтай бастады. Бұл процес миллиондаған жылдар бойы жалғасып келеді,әлі тоқтаған жоқ. Физикалық кейіпте кем дегенде екі-үш кесіртке,бір гуманоид бар еді. Бұл әлгі астероидты бұрып жіберіп, сүтқоректілерден қашан ақыл иелері шығатынын тағатсыздана күткен гуманоид еді. Аты Адам .

Неге екені белгісіз Жер планетасы кенжелеу дамый бастады. Басқалары жұлдыздарды аралай бастағанда,жер өзінің орбитасынан аса алмай жатты. Таяу уақытта өзінің энергетикалық түрге ауысатынын білсе де, Адам Жерге қауіп төніп тұрған уақытта шара қолданбай кете алмайтынын түсінген еді.

(жалғасы бар)

4