Біздің мақтанышымыз!

Біздің мақтанышымыз!
жеке
блог

Күні кеше Ресей елінің №1 арнасында "Пусть говорят" бағдарламасында атақты "А-студио" тобының 25 жылдық мерейтойы атап өтілді. Бағдарламаға топ мүшелері, бұрынғы әншілері, Ресей эстрадасының жұлдыздары мен біздің Роза Рымбаева апамыз қатысты.

Бағдарлама барысында топ тарихы мен жетістіктері айтылды. Өткен күндерге бірге көз жүгіртті. 

Маған қатты әсер еткені Роза Рымбаева студияға шыққан бойда, бүкіл көрермендер орныдарынан көтеріліп, тіпті, Алланың өзі орнынан тұрып, Роза апамызды құшақ жайып өарсы алды. Бағдарлама соңында, Алла Розаның жанына келіп, құшақтап, жанында болды.

Бұл біздің елге деген құрмет деп білемін. Себебі, Роза Рымбаева ел мақтанышы. Оған ешкім дауласа қоймас. 

Негізі біздің жас әншілер Розадай, Батырдай, "А-студио" тобындай болса деймін. Жеңіл-желпіге жабыспай, шынайы болмыстарын көрсетіп, өзгеге еліктемей, өзінің дарын екенін сөзбен емес, ісімен дәлелдесе игі.