ҰСТАЗҒА ТІЛЕК!

ҰСТАЗҒА ТІЛЕК!
жеке
блог

Шәкірттерді сусындатқан біліммен,

Мейірімің ақ жүзіңнен білінген.

Ұмытпаймын есіміңді ұстазым,

Жүрегімнің нақ төрінде ілінген.

 

Сарқып бізге сөздеріңді сыр тұнған,

Жігеріңді толқындардай бұлқынған,

Даналықпен жанымызға нұр құйып,

Сіңіруге бойымызға ұмтылған.

 

Оқу-білім - еліміздің тірегі,

Ұлағатты ұстаз – мектеп жүрегі,

Аман болшы, ауырмашы ұстазым,

Шәкіртіңнің сізге айтар тілегі!

 

Еске алғанда сол күндерді жиылып,

Таусылмасын естеліктер тыйылып.

Ұстаздарым, көп рақмет сіздерге,

Бас иемін алдыңызда иіліп!