Біз  неге  осылай  ойлаймыз?
жеке
блог

Біз неге осылай ойлаймыз?

  Ассалаумағалейкум бәріңізге! Көкейде  жүрген  көп  сұрақтың  бірі  бірегейі қазіргі  қоғамымызға  дерт  болып   жабысқан  маңызды  сұрақты   бірге  талқыласақ  деп  отырмын.*Біз  неге  өзімізді  өзгелерден  төмен көреміз немесе төмен  ұстаймыз?* өзгелер  деп  отырғаным  өзге  ұлт  өкілдері өзіңізде  сезіп  отырған  боларсыз. Жиі  еститінде , көретінде  және  жиі  куә болатын болдық, біз  өзге  ұлт  өкілі  мейлі  ол  орыспа,  татарма, ұйғырма, ағылшынба қазақша бір  екі  ауыз  сөз  айтса  қуанып  қаламыз, * мә  мынау  қазақша  сөз  біледі  екен яғни  кішкенеде  болса  қазақша  сөйлей  алады  екен  * екен  деп  төбеміз  көкке  жеткендей  қуанып  қаламыз. Дұрыс  біздің  тілді білсе,үйреніп  жүрсе  оның  несі  айып? Ешқандай  айыбы  жоқ. Қазақша  сөйлесін , жазсын, оқысын.Тіл  білгені  өзіне, қазақша  сөйлегені  бізге  жақсы  емеспе.Сол  баяғы  әдетіміз  қалмайды  көп  қазақтың  ортасына бір орыс  келсе  бәріміз  орысша  сайрай жөнелеміз, рас қой!кеудемізді  керіп  мақтанғанда  алдымызға  жан  салмаймыз, ал өзгелерге   қазақ  тілімізді  ана  тілімізді оқытуға  үйретуге  келгенде адымымыз  кішірейіп   басымыз  салбырап қалады,  немқұрайылылық  танытып  жатамыз. Қазақ пен  қазақ қазақша сөйлессін деген  мәселе  осындай  кішкентай  жиынтықтардан  құралып  өседі.

 Айтайын  дегенім  қазақ  бауырлар  қазақ  болғанымызға  қуанайық, шүкіршілік  етейік. Осы  кең  байтақ  жерімізді  жаһандану  заманыңда  аман  сақтап  қалу мына  жастарымыздың  сізбен біздің  арқамыздағы  ауыр  жүк. Осы  мойынымызға  артылған  үлкен  жауапкершілікті  сезінейік!

Мен – қазақ,

Қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға алаш деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі,

Өзім қазақ.

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Ер түрік ұрпағымын даңқы кеткен,

Бір кезде Еуропаңды тітіренткен.- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров атамызша  ойлайық, ойланайық.

 Аллаға  шүкір дейік  қазақша сайттарымыз  көбейіп  жатыр, кешегі  орысшаланып кеткен ауыл көше жер-су  аттары  қатадан  қазақшаланып жатыр, мемлекеттік  басқару  органдары  біртіндеп  қазақша құжаттарға  ауысып  жатыр  шүкір  дейік!

Біз   өзгеден  кем  емеспіз  төмен  емеспіз керісінше рухымыз  биік арманы  асқақ  елміз , сізде бізде  бір бірімізбен  қазақша  сөйлесейік, әр  қазақ менің  жалғызым деп  біле  жүріңіздер! Қазақ пен  қазақ қазақша сөйлессін, сөйлеңіздер.

 

Біз   ешкімненде  төмен  емеспіз  солай  емеспе ???