Саусақ санамақ #4: айдағы күн санын анықтау

Саусақ санамақ #4: айдағы күн санын анықтау
жеке
блог

"Бұл ай нешесіне бітуші еді? 30-ға ма, 31-ге ме?" деп, айына кем дегенде бір рет күнтізбені қарап жататынымыз белгілі. Желтоқсан мен Ақпанға ғана қиналмаймыз, себебі бірі - жылдың соңы, екіншісі - қысқа ай. Кібісе жылдарды шатастырмасаң болғаны. Ал басқа айлар ше? Олардағы күн санын жатқа білетіндер де бар шығар, бірақ өзім ондаймен басымды қатырмаймын. Өйткені балабақшада үйреніп алған тәсілім бар. Бұл тәсілді барлығы біледі деп ойлап жүретінмін, сөйтсем білмейтіндер кездеседі екен. Сондықтан "Саусақ санамаққа" қосуды жөн көрдім.

Бұл әдіске саусақтар емес, түйілген жұдырығыңыз керек. Екінші қолыңыздың сұқ саусағы да артық болмас. Ай санын анықтауды сол қолдан бастайық.

Айдағы күн санын анықтау

Ал Шілдеден кейінгі айларды оң жұдырығымыздан қараймыз. Дөңес жері (буын) - 31 күн, ал ойысы (буын арасы) - 30 күн (Ақпан болса 28-29 күн) екенін көрсетіп тұр.

Айдағы күн санын анықтау, Наурыз

Шілде мен Тамыз қатарынан 31 күндік айлар болғаны тұралы мынандай аңыз бар. Ежелгі Рим императоры Август өзінің атымен аталған айда 30-ақ күн екеніне іші күйіп: "Юлий Цезардың атымен аталған Июль айында 31 күн болғанда менікі неге кем болу керек?" деп, Февральдан бір күнді тартып алып, Августқа қосып алыпты-мыс.

Келесі жазбамда бір қолмен 12-ге дейін санауды қарастырармыз.

Саусақ санамақ #5: бір қолмен 12-ге дейін санау

"Саусақ санамақтың" өткен тақырыптары:

Саусақ санамақ #1: бір қолмен 10-ға дейін санау Саусақ санамақ #2: бір қолмен 31-ге дейін санау Саусақ санамақ #3: екі қолмен 9-ға көбейту