Ардагерлерге мың тағзым

Ардагерлерге мың тағзым
жеке
блог

 

 Дүниені дүр сілкіндірген соғыс жер бетінде орасан дақ, халықта жарасы жазылмайтын қайғы болып қалғаны ақиқат. Тылда жанкешті еңбек етіп, жеңіс күнін жақындатқан аналарымыз бен балаларын үлгі тұтуымыз керек.   Сұрапыл соғыс кезінде қыздар да қызу майданда от кешті.

Ардагерлер, соғысқа қатысқан жауынгерлер, батыр қыздар, тылда еңбек еткен апаларымыз  фашизмге қарсы қайтпас қайсарлықпен күресе білді және жеңді. Жарқын күндерді жақындатқан ардагерлерді бүгінгі ұрпақ ұмытпауы керек деп ойлаймын. Өйткені солардың өшпес ерліктері біздің азат елдің ұрпағы болып қалуымызға мүмкіндік берді. Сол себепті де майдангерлер туралы айтылған естеліктерді тыңдай жүріп, оларға әрқашан тағзым ету, құрметтеу - біздің парызымыз.

От кешті , қып-қызыл шоқ кешті,
Аяр жаумен аянбай өштесті,
Көзін жоймай гитлершіл жендеттердің,
Беттен қайту, бел шешу жоқ десті.

Барлығымыздың да үлкен аталарымыз соғысқа қатысып, ел үшін отқа түсті. Оларды еске алмасақ, тарихты жоққа шығарғанмен тең.