Мақсатсыз жұмыс "дәм болсын"

Мақсатсыз  жұмыс "дәм болсын"
жеке
блог

 «У берсе де шөлдегенде ,

Бас тартпаймын сен дегенде...»-деп әндетіп, о баста «Халал» судың  жасалу  жолын жазғым келді.  Астанадағы Хазрет Сұлтан мешітінің имамдарына барып, сұрақтарыма жауап іздедім. Бірақ,  әйел ұстаздары имамдарға, имамдар әйел ұстаздарға сілтеді. Имамдарға материал жазу керекпін деп түсіндіргеннен кейін  Муслим.кз порталының бөліміне  жіберіп, ақпаратты сол  жерден алатынымды айтты. Нұсқаулық бойынша аталған кабинетке  барып, іштегі кісіге (атын  сұрап алмаппын) сұрағымды қойғанда :«Халал»  өнімдердің қалай жасалынатынын сол орталықтан сұрау керек. Біз  ондайларға жауап бермейміз» - деп шығарып салды.  Астанадағы «Халал» су  жасап, тасымалдайтын  орынға барғанымда:«Мекеме басшыларынсыз ештеңе айта алмаймыз. Олар шет елге іс-сапармен кеткен. Жақын күндері келмейді» -деп, олар да сұрағымды жауапсыз қалдырды. Қадалған жерден қан ала алмаған менің кінәм,  сөйтіп жоспарым орындалмай қалды. Бұл дегенім тапсырма орындалмайды дегенім емес.  Бұрынға әдетіме басып, көжемді істеуге кірістім.

 Шөлдегенде ойыма бірінші келетін сөз - көже. Көже- әрі  тойымды, әрі пайдалы, шөлді қандырады. Әр өңірде жасалу  үрдісі әр түрлі болады екен. Алдыңғы жазбамда айтып  өткенімдей, көже істеу - менің кәсібім. Көже деп отырғаным макарон көже емес,   жүгері немесе бидай сынды дәнді-дақылдардан жасалынып, шөлді басатын  сусын  орнына  қолданылатын  тағам түрі.  Назарларыңызға жасалу  жолын ұсынамын.

 

1. Қабығы  шыққанша келіге  бидайды түйіп, қоқымдардан тазалап,  бидайды  жуамыз.


2.  Ыдысқа салып, үстіне су құйып, шымшым  тұз саламыз да отқа қоямыз.


3. Әбден қайнатылған көжені оттан алып,  айран немесе  құрт қосып араластырамыз.

 

4. Дайын  болған көжені тоңазытқышқа саламыз.  Көже неғұрлым мұздай болса, соғұрлым шөлді қандырады.


  Көженің пайдасына тоқталсақ: коллориясы күшті болғандықтан денедегі суықты алады. Асқазанды реттейді.Бәрімізге белгілі, қазір нендей зат болсын бәрінің құрамында химиялық қоспалар болады. Қоспа болған жерде аурудың болуы әбден мүмкін. Сондықтан достар,ақшаға "ауру "сатып алғанша, көже сатып алайық!