ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ? Кіріспе

ӘУЕЗОВ КІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ? Кіріспе
жеке
блог

1997 жылы қыркүйектің 10-20 аралығында Ташкентте Әуезов күндері өткізілді. Оны Өзбекстан Жазушылар одағы, Өзбекстан қазақтарының мәдени орталығы, «Нұрлы жол» газетінің редакциясы ұйымдастырды. Бұған Қазақстаннан Қалубек Тұрсынқұлов бастаған делегация, құрамында Шерхан Мұртаза, Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласы, Зейнолла Серікқалиев қатысты.

Әуезов

Осы жолы өзбек ғалымы, академигі, жазушы-драматург Иззат Атаханұлы Сұлтановпен Тіней Оразайдың Мұртазасының Файзолласы ұзақ әңгімелесті. «Заман-Қазақстан» газетінің №33 (206) санындағы мақалаға енбей қалған деректі Иззат Сұлтанов өзі ауызбен айтады...

АуэзовP.S. Бұл мақаланы («Әуезов мені құтқарып қалды») студент кезімде Әуезовтің қызығына кіріп кеткен кезімде Ұлттық кітапханадан «Қазақ үні» газетінен (1997, №9 (316), қыркүйек) жазып алған болатынмын. Дәптеріме кейбір жерлерін қысқартып жазғандықтан, мұнда толықтай жазамын деп өзгертіп алуым да ғажап емес. Бұл жұмбақтың шешімін білетіндер, үндемейміз! Ал білмейтіндер болса, жалғасын асыға күтіңіздер! Әйтпесе, Әуезовті оқитын ойларың жоқ секілді.