Сый

Сый
жеке
блог

Көктемгі сиреннен,
Көктеуді үйренгем.
Көгілдір жұбарды
Сепкенді үйренгем.

Келсе егер сый бергің,
Сый ең дүр-сирень гүл.
Көктемнің көзінен,
Байқатпай сүйген гүл!

Бақтамын...сиреннің,
Жұпарын сүймес кім?!
Тәңірмен тілдескен
секілді күй кештім.

Сирень гүл түймең көп..
Сырымды түйгем көп.
... –Мінекей, сирень,- деп
Қуантса Сүйген кеп...
Көктемде сирень көп..
2014.Көктем
Әлияш