Нағыз еркек

Нағыз еркек
жеке
блог

Ер

азаматтарға жетпей жатады батылдық. Мен мектеп кезімнен алдыма келгендерді сөзбен шымшып,
қателіктерін бетіне басып отыратынмын /өзіммен жастылардың ғана/. Тіке айтар
тік мінезімді көтере алмағандар қанша, әлі де бар. Журналистикаға түскелі,
тіпті, жаныма қанат бітіп, сенім пайда бола бастады.

Мен әлі қол
ұстасып, құшақтасып жүріп көрмеппін бір де бір азаматпен. Сезімдерін білдіре келгендердің бәрі менің жауабымнан
кейін жығылған жерінен қайта тұрып, алдыма келе алмай қалады. Егер өзі айтқандай
сезімі ешнәрсеге бергісіз, сондай мықты болса, қайта келмес пе еді?!

Қазіргі кезде нәзік жандылардың бірінші қадам жасауы
көбейіп бара жатыр. Қайтсін енді, оны күтемін деп кемпір бола ма?!

Мен қазір ғашықпын! Нағыз ер азаматқа! Ақылына көркі, ойына бойы сай, ең бастысы - қайсар,
қатал мінезді. Бұрынғы аяғынан шалуға дайын тұрар Арайлым жоооқ қәзір. Ол
айтты, мен көнем. Айтқанда да қалай айтады дейсіз ғой: егер де бір мәселемді
айта алмай тартқыншақтап тұрсам, көзіме тік қарап, талап етеді қабағын түйе.
Бірде ол менің жатақханама машинасымен келген. Әрине оны танымайтын адам кем де
кем. Ал мен болсам қысылып барамын. Машинасына отырғым да келіп тұрғам жоқ. «Арайка,
отыр!»-деді қабағын түйе. «Отырмаймын, өзім-ақ жаяу барам!». «Отыр дегесін
отыр!»,-деп машинасының есігін ашты. Келе жатырмыз. Жағдайымды сұрады.
Абайсызда аузымнан қиналған кездерім шығып кетпесі бар ма. Әңгімемді аяқтамай
үздім де, үнсіз қалдым. Ол: «Күтіп отырмын», мен: «ештеңе жай нәрселер ғой».
Ол: «Арайка, айт деймін!», мен: «Бүгін күн қандай тамаша еді!!!)))» - демесім
мұң-ақ екен, машинаның тормызын қатты басып, әдемі көздерін қадай берді
қалтыраған жанарыма. Қандай мінез! Міне нағыз еркек. Оның тағы бір жақсы қасиеті – мен ұрысып, пікірімді білдіріп
жатсам, мені үнсіз ғана тыңдап тұрады. Ал енді кінә меннен кетсе, ол маған
ұрысқандаааа....тағы ұрысқанын қалап тұрасың ғой, шіркін! «Арайка!» деп айтқан
бір сөзінің өзі қандай. Көнбесіме қоймайды. Ғашықпын мінезіне!

P/S: мен саған бұл
сезімнің барын және бәрін айта алмаймын. Оған хақымның жоқ екенін білемін.
Менің арманымды білсең ғой! Менің арманым – көздері саған, сөздері маған, ойы
саған, бойы маған тартқан сүп-сүйкімді қыздың анасы, сенің жарың болу. Бұл
тілегім орындалмас, орындалар болса, «Золушка 2» жарыққа шығады. Қатқан нан мен
қара суға да ырзамын, қасымда сен болсаң! Маған сенің атағың да, ақшаң да керек
емес!

Шапағаты мол Алла
Тағала, жүрегімнің ең үлкен махаббатын өзіңізге арнаймын! Мені одан айыра
көрме! Мен жомарт бола алмаймын: әкемді де, шешемді де алдыңыз, енді «ОЛ»-ымды
басқа жанға бере алмаймын! Тілегімді қабыл ете көр!