kerbezful мақсаты

kerbezful мақсаты
жеке
блог

Сәлем, Массагет! Жуықтап алғанда, осы жаққа тура бір жыл бұрын жазба жазған екенмін. Бір жылдың ішінде біраз нәрсе өзгерді. Екпін онлайн-журналы тоқтап, командамыздың мүшелері өз жолдарымен кетті:) ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне магистратураға түсіп, журналистиканың ғылыми жолына түстік. Бір айға магистрлік диссертациямның тақырыбы бойынша Нью-Йоркқа барып, Колумбия Университетінде тәжірибе жинақтап келдім. Дәл сол америкалық сәттерімді видеоға түсіріп, ютубтағы kerbezful атты арнамды жүргізе бастадым.

Солай қазірде ютубтың қызығына бойлап, талай мүмкіндіктері мен кереметтілігін өзгелерге айтып түсіндіргуе тырысып жүрмін:) Орталық Азияның Интернетінің дамуы конференциясында, ҚазҰУ-дың белсенді студенттерімен кездесулерде,т.б.

 

Әрине оның бәрі жақсы ғой, бірақ мұндай "шоу-думанның" мақсаты неде деп сұрауларыңыз мүмкін. Менің ютубқа қызығып, оны насихаттауымның себебін түсіндіре кетейін.

Алдымен "теледидарды күніне неше сағат көресіз?" деп өздеріңізге сауал тастайын:) Шыны керек, өз басым, теледидар көрмегелі біраз болыпты. Әрине қосулы тұрған жәшікке өтіп бара жатып қарап кететін кездерді санамағанда, газеттен бағдарлама қарап, оны күтіп, көретін кездер алыста қалыпты. Теледидарға альтернативаны елдер интернеттен, ютубтан іздейтін болды. Ал онда қазақтілді қызықты, креативті видеолардың (видеоблогтарды мүлде айтпағанда) аздығы өздеріңізге де мәлім.

Сол себепті менің мақсатым - ютубта қазақ видеоблоггингін қалыптастырып, көрермен күн сайын кіріп, өзіне қызықты жаңа нәрсе біліп шығатындай контент жасау. Және де қалдырылатын пікірлерге қарағанда, көп адамдар видеоблог жасаумен өздері де қызығады екен. Сондықтан меніңше, бір-екі жылда видеоблоггинг саласы бізде танымал болып, кең қолданысқа ие болады. Ютубты тек бір реттік видео көріп қана кететін сервис емес, толыққанды әлеуметтік желі ретінде қолданатын ютуберлердің көбейетінін болжауға болады:)

Солай менің жалпы ойым мен көруім осындай. Ал видеоблог дегеніміз сонымен не дейтіндер үшін, бір рет көзбен көрген артық демекші, өз видеоблогтарымды тамашалап шығуға ұсынамын:

 

Қалған видеолар https://www.youtube.com/user/kerbezful арнасында, "подписаться" деген батырманы басып, арнаға жазылуды ұмытпаңыздар!:)

Жазбаға немесе видеоблоггингке байланысты кез келген сұрақтарға жауап беруге дайынмын, қоюдан ұялмаңыздар:))