Массагеттің  отбасы
жеке
блог

Массагеттің отбасы

Массагет қара шаңырақ тәрізді. Мақпал екеуміз в контактіден «Көршінің қызын» ашып, еншімізді алып бөлек шыққалы солай ойлайтын болдым. Өмірде де ата-енемннің үйінен  бөлек шығып, бөлек үй болып тұрғалы, қара шаңырағымызға ұзақ бармай қалсақ қатты қымсынатыным бар.  Негізі ел келінін үйіне келдіре алмай жатады. Ал, бізде керісінше, мен жолдасымды үйіне тартамын. Ал ол барғысы келмейді. Массагетке де солай.Массагетке блок жазбағалы біраз болды. (5-6 күндей))).  Массагеттіктерден (қара шаңырақтағы туған-туыстан) ұялып кетем кейде.  Әпкелер Анара, Сәниялар  келін үйге кірмей жүр деп ренжіп те жүрген болар. (деееп өзімді важный сезініп отырмын ғой). Сәнияның тамағын ұнатамын. Керемет аспаз. Анара да жақсы тамақ жасайды... тек кейде корей тамақтарын әзірлеп, күштеп жегізетіні болмаса.... Қайынсіңілі   Айгерім, Мейіргүл, Қарлығаларды да сағынып кеттім.  Осы барғанда бәріне бір-бір сыйлық алып бармасам, қуанып қалсын.  Айгерім ерке қыз,  үйде отырмайды. Кинотеатрларды көп кезеді. Ал Ақерке тұрмысқа шыққалы хабарласпай қалдық. Үйіне шақырмайды ау бір...  

Анау қайын ағам,  Мейіржанды айтам, шай ішкенде моп-момақан болып отыратын еді. Бір риза боласың...

Аузы мен денесі  қатар қозғалатын  жездеміз Ардақ өзі оқыған- тоқыған адам. Білмейтіні жер астында.   Қшан көрсең камерасын алып, өзінше видеоблок жасап жүреді.   Анара әпкеміз екеуінің махаббаттарына сүйсінііііп жүреміз.

Біздің ең салмақты қайнымыз- Фараби, құйған шайыңды үнсіз ішіп, рахметін айтып ойнап кететін еді. Айтпақшы, «жеңеше, келесі келгенде ойыншық солдат әкеп берші» деп жалынып еді. Ұмытып кетпесем игі.

 Оған қарағанда Шерхан тентектеу, шай ішкен құрлы қылмайтын. Әзілдеп,аяқ асты өлең шығарып, күлдіріп, қақалдырып, шашалдырып отыратын. 

 Өмірбек болса мүлдем, күні кешке дейін доп қуалап, үй бетін көрмей өсті, сол бала ше. Әкесінің бүкіл галоштарына футболдың командаларын жазып әлек болады да жатады. Осы барғанда етігіме жаздырып алмасам «шахтер» деп.

Еркелердің бірі- Айкона. Телефонға маза бермейді-ау бір. Әй соны көр де тұр, өскенде контент менеджер болмаса мұрнымды кесіп берейін.

Қайын енем- Ғазиза .... ооой қайын енем жақсы кісі. Қазақтың дәстүр-салтын керемет біледі.  Дәстүрді дәріптеп жүреді жүрген жерінде. Кезінде резинка ойынын жақсы ойнаған екен))) Бізге, келіндерге, қайынсіңілілеріме үйретіп жүретіні бар. 10- шы турға дейін секіре алады екен.

Қайын атам Болатты айтсаңызшы. «Құйған шайың ыстық болсын, кішкене ақтап құй,  қаймағын алып таста»- деп тиісіп отырады ғой ол кісі.

Отбасы осындай тату болсын. Тағы туыстар көөөөп. Айта берсең таусылмайды құда-жегжат (Ақбота, Мақпалдар, Ғалия, Абзал, Айбек, Мейрамбек, Аида т.б) Бәрі де аман болсын.  Массагет аман болсын. Өссін, өркендесін.