Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Ең үздік эдвайзері" анықталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Ең үздік эдвайзері" анықталды.
жеке
блог

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті үшін ерекше күн. Себебі ҚазҰУ Студенттер Сенаты көптен күткен "Ең үздік эдвайзер" жобасын іске асырды. Жоба күткен сенімді толығымен ақтады. Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Жобаның негізгі мақсаты - университеттің ең үздік эдвайзерін анықтау. Тек студенттерге ғана емес, сонымен қатар ұстаздарымыздың арасында байқау ұйымдастырып өздерінің жан-жақтылығын және де "ЕҢ ҮЗДІК ЭДВАЙЗЕРДІҢ" үлгісін көрсетуіне мүмкіндік жасау. 

сенат

Алдымен, жобаның іске асырылуына, кештің өте жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан Серікжанова Айгерім бастаған ұйымдастырушы комитетке алғыс айтамыз. Ұйымдастырушылардың ұйымшылдығының, бірлігінің, ауызбіршілігінің арқасында "Ең үздік эдвайзер" жобасы қызықты да көңілді өтті.

сенат


Байқауға алты факультеттен "үздік" деп танылған алты эдвайзер қатысты. Атап өтетін болсақ:

1. Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ассистенті Мукашева Гаухар Канатовна, физика - техникалық факультеті.

2. Дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Хурмет Арай, халықаралық қатынастар факультеті.

3. География ғылымдарының кандидаты, рекреациялық география және туризм кафедрасының доценті - Ақтымбаева Алия Сағындыққызы, география және табиғатты пайдалану факультеті.

4. PHD докторы, физхимия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы Ермолдина Эльмира Тлеубаевна, химия және химиялық технология факультеті.

5. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күркебаев Кенжетай Құрманбайұлы, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті.

6. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Усеинова Карлыгаш Рахимжановна, заң факультеті.

сенат

Байқау негізгі үш кезеңнен тұрды. 

1. Таныстыру

2. Өнер

3. Сұрақ - жауап

Таныстыру кезеңінің басты ерекшелігі эдвайзерлердің өздерін видеороликтермен таныстырулары болды. Әр видеоролик өзінше ерекшеленіп, креативті жасалған. Бірі жаңалықтар түрінде жүргізсе, екіншілері нағыз "супер эдайзердің" үлгісін көрсеткен. Ең үздік эдвайзер ол - үздік оқытушы, үздік дос, үздік ата- ана. Қатысушылар бізге осы "ЕҢ ҮЗДІК ЭДВАЙЗЕРДІҢ" жарқын үлгісін көрсетті.

сенатсенат

Екінші кезең - өнер. Бұл кезең эдвайзерлердің өздерінің группаларымен қаншалықты тығыз қарым-қатынаста екендіктерін көрсетті. Өздерін ұстаздықтан басқа жаңа қырынан танытты. Бірі топтарымен қосылып би билесе, енді бірі көрініс қойып көрермендерге ой тастады. 

сенатсенатсенатсенат

Үшінші кезең - сұрақ-жауап. Мұнда эдвайзерлер өз білімін көрсетті. Әр эдвайзерге үш тілде үш сұрақ қойылды. Эдвайзерлер бұл кезеңде өз білімдерін дәлелдеп шықты.

Сонымен қатар, әділ-қазылар алқасына эдвайзерлер өз портфолиоларын ұсынды. ҚазҰУ-дағы ең алғашқы "ЕҢ ҮЗДІК ЭДВАЙЗЕР" жобасында
1. "Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәуленов Нұрлан Онласынұлы

2. Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Венера Махамбетқызы Рахимова

3. Тәрбие және тіл бөлімінің басшысы Әбішев Талғат Болатұлы

4. Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі Әбдіқадыров Нұрлан Болатұлы

5. ҚазҰУ Студенттер Сенатының төрағасы Тлеуберген Нұрбол төрелік етті.
сенат

Әділ-қазылар алқасына үздік эдвайзерлерді таңдау оңай болмады. Себебі эдвайзерлер арасындағы бәсеке мықты болды. Дегенмен, байқау болған соң оның жеңімпазы болу керек. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жасалған байқау нәтижесінде заң факультетінің эдвайзері Усеинова Карлыгаш Рахимжановна "ҚазҰУ ең үздік эдвайзері" болып танылды. Жеңімпазға 10 кітап шығаруға арналған сертификат берілді. Сонымен қатар катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы Ермолдина Эльмира Тлеубаевнаға ерекше видеоролигі мен өнері үшін мультиварка сыйға тартылды. Байқауға қатысқан барша эдвайзерлер байқауға қатысқандықтары үшін арнайы сертификаттармен және "Brosh" компаниясының сыйлықтарымен марапатталды.

сенатсенат

Бұл ҚазҰУ Студенттер Сенатының бастамасымен алғаш рет бой көрсеткен жоба болып табылады. Университетте биыл жобаның алғаш көрсетілуі болғанына қарамастан байқау өте биік деңгейді өтті. Әділ-қазылар тарапынан келесі жылы бұдан да кең көлемде өткізілуіне қолдау тапты. Бұл тек бастамасы ғана, ҚазҰУ Студенттер Сенаты бағындыратын биіктер әлі алда. Жасай бер, ҚазҰУ Студенттер Сенаты!