"Өзге тілдің бәрін біл..."
жеке
блог

"Өзге тілдің бәрін біл..."

      «Өзге тілдің бәрін біл...»

«Үштұғырлы тіл» саясатын жақтайтындар да,даттайтындар да бар. Бұл жоба қоғамдағы түрлі резонансқа қарамай «керек» екенін дәлелдеп келе жатыр. Ағылшын тілін білсең-жаhандық ғылым мен білімге қол созасың деген сөз..Айта кетелік,үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, “ақылды” экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Атап айтарлығы, көпұлтты Қазақстанның жағдайында “Үштұғырлы тіл” ұлттық жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы болып саналады. Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру – басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Мәдениеттер мен тілдердің саналуандығы – бұл біздің ұлттық байлығымыз Ал “Үштұғырлы тіл” идеясының  құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса,ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті, оқуыңды тәмамдаған соң, біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуің үшін де бұл қалып, еңбек етуің үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу – бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез-келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап. Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Яғни, мемлекет әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым есте ұстауды қалап отыр.Бұл саясаттың астарын жіті түсінбейтіндер легі «Үштұғырлы тіл» саясатының салқыны мемлекеттік тілге зардабын тигізуі мүмкін дегенді топшылайды.Ғаламда қалыптасқан үрдіс бойынша әлем елдеріне ортақ тіл саналатын тілдер қосыны бар. Әлемдік зерттеу бойынша қазіргі таңдағы ол тілдің тізгіні ағылшынға тиесілі. Сондықтан,ағылшын тілін меңгеріп ғаламдық жетістіктерге сай ұрпақ тәрбиелеу бұл саясаттың басты ұстанымы. Қалғаны уақыт еншісінде! 

 

                                                                              Назерке Қымбатбекқызы