ТАҒДЫР

ТАҒДЫР
жеке
блог

Тағдыр

Сәуірден Көктемін көріп,

Сәуірден өткенін көріп.

Жаңбырды жатсынды жаны,

Көз жасын төккенін көріп.

 

Күнәсі көктегі..

төніп,

Әлемге өкпелі болып.

...Сол сәтте сезінді өзі

Тамшыға кеткенін еніп.

 

Тамшыға бар мұңы тұнып,

Тамшыға барлығы тұнып,-

Сезімі, сөзі мен Өзі..

Төгілді ән-жыры күліп.

 

Білмейді табиғат әлі,

Білмейді жамиғат әлі,

Әр күні сол бір арудың,

Тағдыры тамып жатады!

Тағдыры тамып жатады...

2014.Көктем

Әлия І.