Бақ Жұлдызым

Бақ Жұлдызым
жеке
блог

Бақ жұлдызым

Арман үшін алысып шөлдеді ме,
Бір аққу келеді ұшып  көлге міне,
Бәлкім, ол мені іздеген  сен  шығарсың,
Өзгенің  пана болмай көлдері  де.

Ұштың ба аңсап-талып, құйын-желдей,
Тауларды, теңіздерді бұйым көрмей.
Бәлкім, сен шуақ болып кеттің сонда,
Құс боп ұшып, қалықтауға күйің келмей.

Шуақ боп төгілгенде құба құмға,
Құлан үні жетті ме құлағыңа?
Бәлкім, ол мен шығармын сағым болып,
Шаңдатып сіңіп кеткен құмды ағынға.

Естігенде тұлпардың дүбірлерін,
Білемін ақ жол тілеп күбірледің.
Түсінікті мен үшін сүйінгенің,
Түсінікті мен үшін  күйінгенің.

Домбыраның қасиетті үнінде едім,
Ішек болып білемін күбірледің.
Сенсің-ау,  сірә,  іздеген  бақ  жұлдызым,
Жаралған мені  ғана сүюге мың,
Ендеше, мен де сенің  діліңдемін!!!