Идеясыз жазылған жазба...
жеке
блог

Идеясыз жазылған жазба...

Құрметті менің Массагетім! Қайда  жүрсем де сенің атыңа кір келтірмеуге тырысамын, сапасыз жазбамен атыңа дақ түсіргім келмейді. (Дәл қазір көөп нәрсе атқым-ақ келіп отыр, бірақ жазып жеткізе алар емеспін. Осындайда, шіркін, ойыңды жазып отыратын техника болса ғой деп қиялдап кетемін) Сен жайлы көп естимін: жақсы сөзі де, жаманды да. Әрине, әркімнің санасына берсін! Бірақ, сен мен  үшін «жүрексің!» Жүрегім ешқашан тоқтамаса екен...

«Есін  жинайтын кез келді ғой, неге мына қыз бұрынғы әдетіне салып  жүр»дейтін  боларсыздар. Негіз бар... Байқаймын, өзгеріп келеді екенмін. Бірақ, бағытым өзіме ұнамайды, мүлдем! Сіз де байқаған боларсыз. Басында тіркелгенімде өзіммен өзім алысып, білмеген, көрмеген, мені танымайтын адамдарға сыр айтсам жақыным білмес,  жұртқа жария болмас деген ой ғана болған. Ал қазір ше? Жағдайдың соңы «серьезный» нәрсемен ұласатынынын кім біліпті?!

Біраз уақыт бұрын жазбамның бәрін оқып шықтым. Мойындаймын, жылауықпын! Бірақ, сондай шынайы жазыппын. Ішімдегіні бүкпесіз баяндап, досыма, досым деймін-ау,  мен үшін өмірімде №1 болған адамға да айтпаған  дүниелерді саған айтыппын, жазыппын. Қыста  «бұл соңғы жазбам болып қалуы мүмкін»  деп жазба жазып едім ғой. Ол кезде өмірімді басқа арнаға бұратын «серьезный»  бір нәрсені бастап едім...Жазба жазған күннің ертесіне-ақ ол «жаманның» күллі көкке ұшты. «Қош бол, сәулем!» деп, жаулығымды желбіретіп артынан қалдымда, түк болмағандай саған қайта жазбалар жаза бастадым. Бәлкім, «жаманның»  жоғалғаны жақсы болған шығар, әйтпесе,  сол кеткеннен мол кетіп, саған келмей қалар ма едім. Жә, оны қойшы! Саған бір жаңалығым бар, Массагет. Ол біз үшін жақсы ма,  жаман ба, білмедім. Білмесем не үшін айтып отырғанымды да білмеймін.

Жарайды,одан да айтпай-ақ қояайын. Ал, бәріңіздің  бетіңізден  шөлпілдетіп сүйдім, келесі жазбада жолыққанша!

P.S.: Массагетке  қатты жазғым келді.Бұл жазбада ой деген шашылып жатыр, идея да жоқ. Просто, түсінесіз бе... бәрібір түсіндіре алмадым-ау...