Люданы іздеген Лео (әуесқой қысқаметраж) 2014.03 (алғашқы тәжірибе, алғашқы қателіктер)

Люданы іздеген Лео (әуесқой қысқаметраж) 2014.03 (алғашқы тәжірибе, алғашқы қателіктер)
жеке
блог

Естеріңізде болса, осыдан 2 ай бұрын бірінші жақтан түсірілген, бір түсініксіз видеоны жариялаған болатынмын: 

 

Аталмыш видео 2013-ші жылдың наурызында Орал қаласына, сырттай оқудың сессиясына барған кезде, еш мақсатсыз түсірілді. Тіпті КерекИнфо қолданушылары арасында осы видеоға оқиғабасын жазу бойынша кішігірім байқау ұйымдастырғым келді, бірақ болмады.)) Және одан кейінгі жазбамда осы қолайсыз түсірілген видеоға ыңғайластырып оқиға басын жаздым.

Араға бір жыл салып, кезекті сессиядан уақыт тауып, сол орынға қайта бардым. Түсінікті болу үшін видеодағы оқиғабасын оқыған дұрыс, негізі.)

 

Бастауыш операторлық көмектерін ұсынған оралдықтар Тимур мен Рауанға үлкен рахмет.

P.S. Казтубтегі нұсқасы мында