Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде І Ұлттық Экологиялық «Жандану» форумы өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде І Ұлттық Экологиялық «Жандану» форумы өтті.
жеке
блог

Өмірдегі ең басты бағасыз байлық ол – Жер. Жер болмаса біз де қазір өмір сүре алмайтын едік. Айналамыздағы лас ауа, заводтардың , машиналардың түтіндері, біздің қоршаған ортамыздағы қоқыстар Жерге қауіп төндіруде. Бұл мәселеге қазірден ден қойып ойлануымыз керек. Біз қоршаған ортаның ластануына жол бермей оны алдын-алу үшін экологияны оқимыз. Ата-анамыз да кішкентайымыздан табиғатты аялап қорғау керек екендігімізді түсіндіріп үйретеді. Себебі табиғат – біздің басты байлығымыз. Осы бағытта жұмыс істейтін бірнеше ұйымдар бар, демек біздің қоршаған ортамызға аса үлкен толғаныспен қарайтын адамдар бар деген сөз.

 

senat

Әсіресе, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өте жоғары деңгейде өткен Эко проектін ерекше атап өтуге болады. 23 сәуір мен 24 сәуірдің аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде І Ұлттық Экологиялық «Жандану» форумы өтті. Әр жерден келген делегаттар өз проекттерін ұсынды. Содан соң «Наследие Земли» деп аталатын фильм көріп, біздің университетімізге саяхат жасады. ҚазҰУ және де Алматының өзге де университеттерінің көрмелерінің ашылуына қатысты (эко-үй соғу проекттері, энергияның альтернативті көздері, ғылыми жұмыстар, эко-туризмның дамуы жайлы проекттер). Форумның жабылу салтанаты Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтті.

senat

senat

senat

senatФорумның негізгі мақсаты – студент жастардың бірігіп алға қарай жылжуына және де « жасылдандыру» экономикасының жүзеге асырылуына ықпал ету. Форум ұйымдастырушылары қазіргі экологиялық мәселелерге жастардың назарын аударта алды. Және де жастардың осы мәселелердің шешілуіне өз септіктерін тигізуіне әсер етті. Конференцияға қатысушылар арнайы сыйлықтармен және де Дипломмен марапатталды. 

senat

senatСонымен қатар, өзге қалалардан келген делегаттарға өз көмектерін беріп, Эко форумға қатысты сұрақтарға жауап беріп жүрген волонтерлар да болды. Олар делегаттарды «өз үйіндегідей» сезіндіру үшін барын салды. Әр т үрлі ойындар ойнатып, қаланы аралатып қыдыртты. Жалпы айтқанда, бар бос уақыттарын осы делегаттарға арнап үлкен көмек көрсетті.senat

senat

Барша форумға қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және ҚазҰУ Студенттер Сенатына үлкен рахмет! Біз «Жандану» Эко форумының Әнұранының шырқалғанына куәгер болып, «Жандану» сайтының ашылу салтанатына қатыстық. Біз осы форумға қатысқан алғашқы студенттерміз және бұл тек бастамасы.
Қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын адамдар бар кезде біздің табиғатымыз, қоршаған ортамыз мәңгілік жасай береді. Және де еліміздің, жеріміздің гүлденіп өркендеуі үшін біз ат салысатын боламыз!