Сағынышым. Кезекті "қиқу". Ән қабыл алыңыздар

Сағынышым. Кезекті "қиқу". Ән қабыл алыңыздар
жеке
блог

Достар, бүгін тағы "шырқадым", "қиқулаттым"...

 

Селт етті де бір сезім, көңіл сынып,

Сүйіп қалды жүрегім, кінәлі емес.

Уақыт емші, барады-ау әлім құрып,

Бұл күндері бейнеңдей тұр, әне, елес.

 

Сені ойласам жүрегім сыздайды ұдай,

Мұңға көз жас ық болып табылғандай,

Қалдырмашы мекенге мені мұндай,

Жаным, жаным өзіңді сағынғандай...

 

Бірер сәтке еніп көр күйіме сен,

Тамшы болып үзілді сағынышым.

Тар екен-ау бір сенсіз дүние кең,

Балап едім өзіңді бағыма шын.

 

Көк аспаным, көк жаққа алып кетші,

Тарқатайын шерімді самал желге.

Сен де, Еркем, күттірмей қуып жетші,

Қайта оралғым келмейді-ау қара жерге.

 

https://www.youtube.com/watch?v=ERNwfdV1FFo&feature=youtu.be

Назарларыңызға рахмет!!!