Шағыну...

Шағыну...
жеке
блог

Бар әлемді сыйдырғанда қауызына тарының,

Бір мезетте сәжде етеді бүкіл мүмин бауырым.

Сен соншалық құдіреттің иесі ең ғой шынымен

Тілегімді қабыл етші, Тәңірім.

 

Жұмақ өмір сүрмей-ақ та қояйыншы тілерім,

Қараңғылық қаптамасын, таза болсын жүрегім.

Өкпем құрғыр “сыр-сыр” етіп мазамды алды түнімен

Бере көрші бір емін...

 

Сәжде еткенде жасым төгіп жалбарына жыладым,

Мен өзіңнен көліңді емес, көлшік қана сұрадым.

Мен оқыған аяттарда бір кемшілік болды ма

Әлде,тіпті, естімей ме құлағың?

 

Тасбиықтың тасын санап жатарымда, тұрғанда,

Атыңды атап еске алып ем қуанышта, мұңдарда.

Құғыр кеудем күрсілін бір доғармады нетейін

“Иә, Алла” деп шыққанымда шыңдарға.

 

 

Жастығымда бейнет бергін, көтерейін бәрін мен,

Алты алашқа танылайын өлеңіммен, әніммен.

Құдай мені қинамашы ең соңғы сәт өтінем

Шыбын жанды шығарарда тәнімнен.

 

Адал еңбек етейінші кетпен шауып, жер қазып,

Өзім үшін оттамайын, етейінші елге азық.

Бар мен жоғым белгісіз боп қалмасыншы ғаламда

Тарихымды тастарыңа бер жазып.

 

Сөнген оттай бықсып қалған тәріздімін бүгін мен,

Денем жара, алақаным, тізем тағы сүрілген.

Мен қиналып шыққан түндер құлағына жетсе егер

Анам құлап қала ма деп түңілгем.

 

Бөлек болып қалғандаймын бүтін ем,

Тәңірімнен тарыдай ем күтіп ем.

“Егер мені көзге ілмесе Құбыла

Онда мен де Құбылаңа......”