Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Өзімді жақсы көргім келеді...

Өзімді жақсы көргім келеді...

Өзімді жақсы көргім келеді...

Кешірім сұрайын, маған берілген кезексөз таяқшасын байқамаған екенмін. Ұяттымын.

Жалпы жақсы көретін дүниелер, өзіңді жақсы көру туралы бір-екі жазба қалдырғанмын. Кезекөз дәстүрін бұзбай, қайта жазып шығайын:

Жақсы көремін: АллаҺты, оның Пайғамбарын, ата-анамды, әпкемді, сіңілімді, інімді, Көк аспанды, Ж-ны, Н-ны, көркем мінезді, уағыз, сабырлы адамдарды, Әлемнің барлық гүлін, Әлемнің барлық жеміс-жидегін, Ауылды, Ақ жауынан кейінгі Алматыны, Кітапты, СМС жазғанды, еден, ыдыс жуғанды, қолымен кір жуғанды, тамақ пісіргенді, қонақ күткенді, жалғыз қалғанды, театрға, киноға барғанды, эфир майы қосылған ваннаны, Таңды... 

Ақшаны жек көремін. Жай әншейін сөзім емес. Маған ақша керек емес демеймін, мен де оған тәуелді болған адамдардың бірімін. Бірақ, ақшасыз өмір сүргім келеді. Күткенді, күттіргенді жек көремін. Сосын өзімді. Өзіме берген уәдемде тұра алмайтыным, сүру керек өмірді сүрмейтінім, жасау керек нәрселерді жасамайтындығым, сабырсыздығым, шүкірсіздігім (айта берсең көп) үшін өзімді жек көремін. Хақым жоқ, сондықтан, жақсы көргім келеді...

Таяқша Ардақ Құлтайда

10
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 22 сәуір 2014, 17:11
Тегтер: жақсы көру, ұнату, өмір

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->