Қос қуаныш біздегі!

Қос қуаныш біздегі!
жеке
блог

Сәуір айы Массагет редакциясы үшін қуанышқа толы ай. Олай дейтін себебіміз, бұл айда туған күн көп -))

Бүгін Массагет порталы ашылғалы бері сайтымызға еңбегі сіңіп келе жатқан "ардагер массагетші" Фараби Арыстанбектің туған күні!

Фараби өзінің ерекше болмысымен редакциядан ойып тұрып орын алған жан. Терең білімі өзге адамдар үлгі алардай. Ал кітапқа құмарлығы өз алдына бөлек әңгіме. 

Спорт десе, ішкен асын жерге қоятын Фараби спорт тақырыбында сараптама мақала жазатын автор ретінде де танылып келеді. 

Біз бүгін Фарабиді туған күнімен құттықтап, оған дүниедегі бар жақсылықты тілегіміз келеді!

Тағы бір сіздерге қуана-қуана жеткізетін жаңалығымыз сырлы да сыни жазбаларымен оқырманның көңілінен шыққан редакциямыздың бір мүшесі Ақерке Әбілханның да туған күні өткеніне көп бола қойған жоқ. 


Ақерке біздің арамыздағы өзі де, сөзі де сұлу дара авторлардың бірі. Бүгінде Ақеркеміз бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған аяулы жар, асыл ана! 

Ақеркеге бұл ғаламның бар игілігін тілейміз!

Армандарыңыз алдамасын! Өмірдің сіздерге берер сыйы түгесілмесін демекпіз!  

Қуаныштан арылмайық, ағайын!