Саңырауқұлақ және көкөністер қосылған киш
жеке
блог

Саңырауқұлақ және көкөністер қосылған киш

Киш (фр. - quiche) —

Франция асханасының тағамы. Қатпарлы қамырдың үстіне сүт, жұмыртқа және ірімшік салмасы бар ашық бәліш. Сүтті қоспасына ет, балық, көкөніс, т.б. қоса беруге болады. Бүгінгі мәзірде саңырауқұлақ пен көкөністер саламыз.

Сонымен, бүгінгі киштің құрамы:

Қамырына:

  • Ұн – 250 гр
  • Сары май – 80 гр
  • Жұмыртқа – 1 дана
  • Тұз

Салмасы:

  • Саңырауқұлақ – 150 гр
  • Брокколи – 100 гр
  • Болгар бұрышы – 100 гр
  • Жұмыртқа – 3 дана
  • Клегей 20% – 200 мл
  • Ірімшік – 150 гр
  • Зәйтүн майы – 2 ас қасық
  • Мускат жаңғағы

 

Киш бәлішінің дайындалу тәсілі

Киштің қамыры Алдымен қамырын дайындаймыз.
Киштің қамыры Қатып тұрған майды пышақпен турап аламыз. Туралған майды ұнның үстіне саламыз да, ұнымен бірге пышақпен туралаймыз.
Киштің қамыры Үстіне 1 жұмыртқа, 2-3 ас қасық суық су және тұз салып қамырымызды илейміз. Бірақ қатты илеудің қажеті жоқ, ішінде араласпаған майы бола берсін, дәл осы толық араласпағанның арқасында қамыр біраз қатпарланады.
Киштің қамыры Қамырды кеуіп қалмас үшін ас пленкасына орап, тоңазытқышқа қоямыз.
Киштің салмасы Енді салмасын дайындаймыз.
Киштің салмасы Саңырауқұлақ пен болгар бұрышын тураймыз.
Киштің салмасы

Брокколиді суық тұзды суға салып, отқа қоямыз. Су қайнағаннан кейін 1-2 минуттан кейін отты өшіріп, брокколиді бірден суық суға түсіріп аламыз.

Ыстық табаға зәйтүн майын құйып қыздырамыз. Қызып тұрған табаға саңырауқұлақты және болгар бұрышын саламыз. Тұз салуды ұмытып кетпеңіз.

Суы кеткенше қуырамыз.

Киштің қамыры

Табада қуырылған көкөністерімізді тарелкаға түсіріп аламыз.

Пешімізді 200ºС-та қыздырамыз.

Қамырды тоңазытқыштан алып, 3-5 мм қалыңдықта жаямыз да, қалыптың ішіне жақсылап салып, үстінен оқтаумен басып шығамыз, сонда артық жерлері кесіліп қалады. Қамырдың үстін шанышқымен тескілейміз, сонда пеште піскен кезде қамырдың асты үрленіп кетпейді.

15 минуттай пісіреміз.

Қамыр

Қамыр үрленіп кетпес үшін, үстіне ауыр салмақты ыдыс салып та пісіруге болады. 

Мен бәліш пісіретін қалыпқа асбұршақ салып, ауырлатып, бастырып қойдым. 

Киштің салмасы

Жұмыртқаны кілегеймен және ірімшікпен араластырамыз.

Тұз, бұрыш және ұсақталған мускат жаңғағын қосамыз.

Киш Піскен қамырдың үстіне брокколи, болгар бұрышын және саңырауқұлақты салып,
Киш сүтті қоспамызды құямыз да, қайта пешке қоямыз. Киштің беті әдеміленіп қызарғанша, шамамен 30-40 минуттай пісіреміз.

 

 

Осымен саңырауқұлақ және көкөністер қосылған өөөөөте дәмді киш дайын!!!!!

 

Киш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астарыңыз дәмді болсын!