«Монкап VS. Империалист» ойыны
жеке
блог

«Монкап VS. Империалист» ойыны

«Монкап VS. Империалист» ойыны – әртүрлі мемлекеттің шынайы экономикалық қызметінің моделі. Бұл модельде түрлі экономикалық заңдардың отандық өнеркәсіп пен ұлттың жалпы әл-ауқатына қалай әсер ететіні көрсетіледі. Қатысушылар, Қазақстанның мысалында, ұлттық валютаның девальвациясы немесе ревальвациясы отандық өнеркәсіптің өсуіне қалай әсер ететінін, сонымен қатар, инфляция және оның ішкі өнеркәсіпке қалай әсер ететіндігімен таныса алады. Қатысушылар, қаржы жүйесінің құралдарын қолдана отырып, қалайша кез келген мемлекеттің экономикасын ашып, оның өнеркәсібін жойып жіберуге болатынын көре алады. Бұл модельде халықтың тым жоғары тұтынуы мен тұтынушылық несиелер ел дамуын қалай және не себепті тежейтіні туралы түсінікті болады. Бұдан бөлек, ойынның қатысушылары қалайша АҚШ Қытайға және Ресей секілді мұнайға тәуелді мемлекеттерге экономикалық әсер ете алатындығын көре алады.

 

Бір Ойыншының жеңісі автоматты түрде қалған ойыншылардың жеңілісіне алып келеді.

 

Монкап немесе Монархиялық капитал – үшінші әлем елдерінің басқарушы табы, олар отандық өнеркәсіпті дамыту арқылы емес, өз Отанын сату арқылы өмір сүреді.

 

Монкаптың ойындағы мақсаты өндірісті дамыған ел құру.

 

Монкап үшін ойнайтын Ойыншы елде тауар өндіретін 8 зауыт бар болған кезде немесе барлық Империалисттер ойыннан шығып кетсе жеңіске жетеді. Монкап жеңіске жеткен сәтте ойын тоқтатылады, Қазақстан Империалисттерге тәуелді болмай, өзіне қажет зауыттар мен тербелмелерді өндіре алатын, экономикалық жағынан Швейцарияға ұқсас, дамыған капиталистік елге айналады.

 

Монкап үшін ойнайтын Ойыншы Қазақстанның жалауында орналасқан ешбір кен орны қалмаса, жеңіліске ұшырайды.

 

Империалист – басқа елдерді экономикалық, саяси немесе әскери жаулап алатын немесе өзінің ұлттық қызығушылықтарына бағындыратын мемлекет.

 

Империалисттің ойындағы мақсаты Қазақстанды жаулап алу және бағындыру.

 

Қытай, АҚШ немесе Ресей, яғни Империалисттер үшін ойнайтын Ойыншы Қазақстанның барлық кен орындарында Империалисттердің жалаулары орналасып, елде өнім шығаратын 8 зауыт болмаса, жеңіске жетеді. Жеңіс Қазақстанның алаңында жалаулар саны көп Империалистке беріледі. Қазақстан жеңген Империалист елінің отар еліне айналады.

 

Капиталист – халық тұтынатын (ұшақтар, автокөліктер, тракторлар, тамақ, киім, жиһаз және т.б.) тауарларды өндіретін жеке меншік зауыттары мен егістік жерлері бар адамдар табы. 

 

Капиталист үшін ойнайтын Ойыншының мақсаты өнім шығаратын 8 зауыт салу.

 

Капиталист үшін ойнайтын Ойыншы Қазақстанда өнім шығаратын 8 зауыт бар болса, жеңеді және Капиталист Монкаптың орнына Қазақстанның басқарушы табына айналады.

 

Капиталист үшін ойнайтын Ойыншы Қазақстанның жалауында орналасқан ешбір кен орны қалмаса, жеңіліске ұшырайды.

 

Фишкалар.

«Мұнай» фишкасы мұнай, газ, металл, электр энергиясы, бидай, ет, мақта, көмір және т.б. өзіне біріктіріп, барлық шикізат тауарларын көрсетеді.

 

«Тауар» фишкасы электроника, тамақ, киім, жиһаз, автокөлік, поезд және ұшақ секілді тауарларды өзіне біріктіріп, халықтың тұтынатын барлық тауарларын көрсетеді.

 

«Тербелме» фишкасы тау–кен өнеркәсібі, мұнай және газ өндіру, көлік, қара және түсті металлургия, энергетика, бидай, ет, мақта өндірісі және т.б. секілді барлық өндіру салаларын өзіне біріктіріп, көрсетеді.

 

«Зауыт» фишкасы электроника, тамақ, киім, жиһаз өнеркәсібі, автокөлік жасау, ұшақ жасау, мұнай химиясы және т.б. секілді барлық өндіру салаларын өзіне біріктіріп, көрсетеді.

 

«Акция».

«Акция» карточкасы Ресей азаматтары жыл сайын өз кірістерінің бір бөлігіне АҚШ пен Европаның жеке және мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алатындығын және өз ақшаларын батыс банктеріндегі депозитке аударытындығын, сол жақта жылжымайтын мүлік сатып алатындығын көрсетеді.

Осы ақшаларды ойынның соңына дейін алуға болмайтындығы, тіпті бір адам өз ақшасын Ресейге қайтару туралы шешім қабылдағанның өзінде, дәл сол кезде 10 басқа адам Ресейден ақша аударып жататындығын көрсетеді. Осы себепті,  АҚШ–қа түсіп жатқан салымның жалпы сомасы әрдайым өсіп отырады.

 

Ойын ережелері.

 

Монкап.

  1. 1.       Бастапқы шарттар: Қазақстанда анықталған қуаттылығы бар 8 мұнай кен орны бар. Ойынның басында бір кезеңде қуаттылығы 4 шикізат құрайтын бір кен орын жұмыс істейді. Жұмыс істемейтін кен орындары мұнай өндіре бастауы үшін, оларға мұнай тербелмесін орнату қажет. Тербелмені тек Империалисттерден ғана сатып алуға болады.  Монкап өзіне тиесілі мұнайды не Капиталисттің зауыттарына тасымалдайтындығы немесе «Әлемдік нарыққа» сататындығы туралы шешімді өзі қабылдайды.  

 

  1. 2.       Монкап жалауының қайтарылуы. Кен орындағы Монкаптың жалауы Империалисттің рұқсатын қажет етпейтін және кез-келген уақытта жүргізілетін мемлекеттендіру арқылы қайтарылады. Империалистке мемлекеттендірілген әр кен орынға $10 өтемақы төленеді, осыдан кейін оның жалауы алынып тасталынады және кен орыннан түсетін кіріс Монкапқа жіберіледі.

 

  1. 3.       Айналымға теңге енгізу және алып тастау. Монкап кез-келген уақытта «Монкап теңгесі» деген шотта кез-келген теңге көлемін жаза алады және осы теңге арқылы халыққа жалақы, Ойыншыларға теңгелік несие бере алады, Ойыншылардан долларлар сатып алып, теңге бағамына және инфляцияға әсер ете алады. Монкап кез-келген уақытта «Монкап теңгесі» шотынан кез-келген теңге көлемін алып тастап, «Теңге көлемін» азайтып, теңге бағамына және инфляцияға әсер ете алады. 

 

  1. 4.       Инфляция және Капиталист үшін «Ішкі мұнай бағасы».  Инфляцияны болдыртпас үшін, елдегі бар әр зауытқа 30 теңгеден артық емес ақша келу керек. Зауытпен қамтамасыз етілмеген әр 30 теңге инфляцияға алып келіп, «Ішкі мұнай бағасын» $1-ға өсіреді.  

 

Инфляция және «Ішкі мұнай бағасын» есептеудің формуласы #1 Қосымша парақта көрсетілген.

 

  1. 5.       Халық жалақысы.
  • Әр кезең сайын Монкап халқына не Капиталисттен не «Әлемдік нарықтан» тауар сатып алуы үшін тек теңгеде жалақы береді. Монкап жалақыны «Монкап теңгесі» шотынан төлейді.
  • Егер теңгемен санағанда «Әлемдік нарықтың» тауары Капиталисттің тауарынан арзан болса, онда жалақының барлығы бағам бойынша долларға айырбасталып, «Әлемдік нарықтан» тауар сатып алуға жұмсалады. Бірақ, егер елде «Квота» заңы болса, онда халық «Әлемдік нарықтан» Монкаптың рұқсат еткен тауар көлемін ғана сатып алады. Тауар сатып алу үшін жұмсалмай қалған жалақы келесі кезеңге өтпей, күйіп кетеді.
  • Жалақы өткен кезеңдегі тауар көлемінен көбірек тауар сатып алуға жететіндей болу қажет. Егер жалақы өткен кезеңнен төмен болса, онда аукционда Монкаптан өз жалауы бар кез-келген кен орны тартып алынады. 

 

  1. 6.        Монкаптың Қазақстан экономикасын қорғау үшін қолданатын Заңдары.
  • «Kвотa»: Монкап халықтың «Әлемдік нарықтан» сатып алатын тауар санын анықтайды.
  • «Субсидия»: Капиталист Монкаптан өз тауарының толық құны мен сатылым бағасының арасындағы айырмашылықты алады.  
  • «Капитал шығаруға тыйым салу»: Империалисттерге Қазақстанда бар долларларын Қазақстаннан шығаруға тыйым салынады.
  • «Доллармен депозит ашуға тыйым салу». Империалисттерге Қазақстанда доллар ұстауға тыйым салынады. Алайда осы заңды қабылдауға дейін Империалисттің шотындағы бар долларлары сақталады.
  • «Резидент еместерге теңге сатуға тыйым салу». Империалисттерге теңге сатып алуға тыйым салынады.
  • «Шетелдік тауарларға тұтынушылық несие беруге тыйым салу». Империалисттерге банк ашуға және Монкап елінің халқына тұтынушылық несие беруге тыйым салынады. Ашылған банк алынып тасталынады және Монкап банк ашқан Ойыншыға $2 өтемақы төлеуге міндетті.
  • «Шетелдік жұмыс күшін енгізуге тыйым салу». Қытайлық жұмысшылар алынып тасталынады.

 

Бір кезеңде тек бір ғана заң қабылдауға болады. Заңды кез келген уақытта қабылдауға болады. Кез келген уақытта заңның күшін жоюға болады, бірақ қабылданған заңды дәл сол кезеңде басқа заңға ауыстыруға болмайды.

 

  1. 7.        Теңге бағамы.
  • Монкап шикізатты «Әлемдік нарыққа» сатқаннан кейін теңге бағамын бекітеді. Егер Империалисттер теңге сатып алмайтын болса, онда бағам кезеңнің соңына дейін өзгермейді.
  • Империалисттер теңге сатып алған сайын, Монкап бағамды қайта есептеуге міндетті. Империалист Монкапқа теңгеге ауыстырғысы келетін долларын (min $0,5) береді. Осыдан кейін, Монкап бағамды есептейді және егер Империалист жаңа бағаммен келіссе теңге сатып алады, егер келіспесе, онда Империалист өз долларын алып кетеді де бағам бұрыңғы қалпында қалады. Империалисттің теңге сатып алуы, Монкаптың басқа әрекеттеріне қарағанда Басымдылыққа ие.
  • Теңге бағамы = «Теңге көлемі» / «$ көлемі».

«Теңге көлемі» = «Капиталист теңгесі» + «Империалисттердің теңгесі» + «Монкаптың теңгесі»

«$ көлемі» = Қазақстандағы доллардың нақты көлемі.

 

«Доллармен депозит ашуға тыйым салу» және «Капитал шығаруға тыйым салу» деген екі заңды қабылданғаннан кейін, Монкап бағам белгілеу Формуласына мән бермей, долларға қатысты кез келген теңге бағамын бекіте алады.

 

  1. Долларды сату ережесі.
  • Ойыншылардың Қазақстанда бар долларлары бірыңғай қаржы жүйесінде жүргендіктен, бұл долларлар Қазақстанда шоты бар басқа Ойыншыларға қолжетімді болып табылады. Бұл дегеніміз келесіні білдіреді: мысалы, бір Ойыншының шотында доллардың белгілі бір көлемі жазылған, алайда бұл долларлар нақты елде жоқ, себебі осы бірыңғай жүйені пайдалана отырып, басқа Ойыншы өз теңгесін долларға айырбастады да, «Әлемдік нарықтан» тауар, зауыт/тербелме сатып алды немесе өз қарызын өтеді және т.б.
  • Ойыншылар және халық теңгені долларға айырбастау кезінде, Монкап ағымдағы бағам бойынша долларды оларға сатуға міндетті. Бұл үшін Монкап өзіне тиесілі долларларды, сонымен қатар Ойыншылардың Қазақстандағы долларларын пайдалана алады (Ойыншылардың келісімі қажет емес).
  • Монкапта халыққа және Империалисттерге доллар сату үшін доллар қалмаса, сонымен қатар Империалисттер доллардың болмау себебінен Қазақстаннан өз долларын шығара алмаса, Монкапқа ешқандай айыппұл қолданылмайды.

 

9. Империалисттер теңге сатып алған және елде «Доллармен депозит ашуға тыйым салу» және «Капитал шығаруға тыйым салу» деген заңдар болмаған кездегі Империалисттердің шабуылына тойтарыс беру:

  • Империалисттерден келген долларлардың барлығына жаңа теңге басып беру:

«Қамтамасыз етілмеген теңгенің» пайда болған себебінен инфляция пайда болады, ал бағам сол қалпында қалып, теңгенің нығайтылуы болмайды.

  • Империалисттерден келген долларлардың тек бір бөлігіне ғана теңге басып беру:

«Қамтамасыз етілмеген теңгенің» пайда болуына байланысты аздап инфляция және аздап теңгенің нығаюы орын алады.

  • Империалисттерден келген долларды Капиталистте бар теңгеге сатып алу:

«Қамтамасыз етілмеген теңге» пайда болмағандықтан инфляция болмайды, ал бағам теңгенің терең нығайтылуына сәйкес өзгереді.

 

Мысалдар #2 Қосымша парағында көрсетілген.

 

Капиталист.

  1. 1.     Бастапқы шарттар. Ойынның басында Капиталистте екі зауыт және нөл ақша бар.
  2. 2.     Капиталисттің зауыттарына мұнай Монкапқа «Ішкі мұнай бағасы» бойынша есептелінген ақша теңгемен аударылғаннан кейін тасымалданады. Капиталистке өзінің барлық зауытын мұнаймен қамтамасыз етпейінше, тауар сатуға тыйым салынады.
  3. 3.     Капиталист зауытының тауар бағасы = 30 теңге, егер Капиталист әр сатылған тауары үшін теңгеде немесе бағам бойынша долларда 30 теңге алмаса, онда осы тауарларды өндірген зауыт және оның осы кезеңде алған ақшасы ойыннан шығады.

 

Мысалдар #3 Қосымша парағында көрсетілген.

 

  1. 4.     Капиталисттің шотында тек экспорттан түскен немесе Империалисттен алған долларлар ғана сақталады. Егер ақша Қазақстаннан бірден шығатын болса, теңгені долларға айырбастауға болады.

 

Империалисттер: АҚШ, Қытай, Ресей.

 

1. АҚШ үшін ойын шарттары.  АҚШ-та ойынның басында $9 және сатуға болмайтын 1 зауыт болады. Егер АҚШ зауыты ойыннан шықса, онда ол «Әлемдік нарықтан» зауыт сатып алып, өзінде орната алады.

 

2. Қытай үшін ойын шарттары. Қытайда ойынның басында $5 және сатуға болмайтын 4 зауыты болады. Егер Қытай зауыты ойыннан шықса, онда ол «Әлемдік нарықтан» зауыт сатып алып, өзінде орната алады. Қытай өз зауыттарының барлығын мұнаймен қамтамасыз етпейінше, тауар сата алмайды.

 

3. Ресей үшін ойын шарттары. Ресейде ойынның басында $4 және қуаттылығы бір кезеңде 3 мұнай құрайтын кен орны бар. Бұл кен орынды ешкімге тартып алуға және осы кен орынның тербелмесін сатуға болмайды. Әр кезеңде Ресей бір «Мұнай» фишкасынан түсетін табысқа АҚШ-тан бір акция сатып алады. Осы ақшаны АҚШ-тан алып кетуге болмайды. АҚШ Ойыншысы ойыннан шығып кетсе, Ресей үшінші фишкасынан түсетін кірісті өзіне қалдырады.

 

4. Империалисттерге, аукционнан бөлек, бір-бірінен тербелме, зауыт және кен орын сатып алуға тыйым салынады.

 

       5.  Империалисттердің жалау орнатуы: 

  • Қазақстандағы кен орынға, - егер Империалист кен орыннан үлес алса;
  • Қазақстандағы зауытқа, - егер Империалист зауытты толыққанды өз ақшасына сатып алса;
  • Қазақстандағы банкке, - егер Империалист банк ашса.

 

        6. Қазақстандағы зауыттан Империалисттердің алатын табысы:

Монкаптың рұқсатын алғаннан кейін Империалист Қазақстанда өзінің зауытын орната алады және Монкаппен жүргізген келісімі бойынша тауар көлемін алады. Зауыттан алатын тауар көлемі 0,5–ке бөлінетіндей болу керек, яғни 0,5; 1; 1,5; 2; 2,5; 3.

 

Бұл зауыттарға субсидия қажет емес. Монкап елінде Империалисттердің салған зауыттары жалпы салу қажет 8 зауыттың көлеміне кіреді.

 

Бұл зауыттарға мұнайды тек Қазақстандағы кен орындардан ғана тасымалдауға болады. Бұны келіссөзге байланысты не Монкап не Империалист жасайды. Егер Империалист өз зауытын өзі мұнаймен қамтамасыз етуге келісіп, кейін бас тартса, онда ол бұл үшін ешқандай айыппұл төлемейді. Монкап Империалисттердің зауытына өзі мұнай тасымалдай алады және Империалисттердің бұл мұнайды қабылдамауға құқықтары жоқ.

 

7. Қазақстандағы кен орындардан Империалисттердің алатын табысы:

Монкап елінен кен орын алғаннан кейін және сол кен орында тербелме орнатылған болса, онда Империалист Монкаппен жүргізген келісімі бойынша мұнай көлемін ала бастайды. Кен орыннан алатын мұнай көлемі 0,5–ке бөлінетіндей болу керек, яғни 0,5; 1; 1,5; 2; 2,5; 3; 3,5; 4. 

Егер Империалист жалауы Монкап елінде орнатылған болса, онда Империалист сол кен орынға Монкаптың рұқсатынсыз тербелме орната алады.

 

8. Қытай жұмысшылары. Қытай Қазақстандағы өзінің жұмыс істеп тұрған кен орынына бір кезеңде бір жұмысшы енгізе алады. Келесі кезеңде Қытай екінші жұмысшысын енгізе алады және тағысын тағы. Әр кезеңде жұмысшының жалақысы $0,5 және осы жалақы Қытайға беріледі. Қытай мен Монкапқа тиесілі кен орыннан түсетін табыстан қытай жұмысшысының жалақысы алынып тасталынады да, кейіннен Қытай өз үлесіне сәйкес табысын алады, сосын ақшаның қалған бөлігі Монкапқа беріледі. Егер осы кен орыннан түсетін кіріс қытай жұмысшылары жалақысынан төмен болса, онда кен орыннан түсетін кірістің барлығы қытай жұмысшыларының жалақысын төлеуге ғана кетеді.

 

  1. 9.     Қазақстандағы Империалисттің банкі.

Банктің ашылуы аукцион арқылы жүреді және ашу үшін Монкаптың рұқсаты қажет емес. Монкапқа көбірек ақша ұсынған Империалист банк ашады. Содан кейін, Империалист беретін несие соммасын «Әлемдік нарыққа» қояды да, қажет тауар көлемін алып, Монкаптың «Халық тұтынуы» алаңына қояды. Бастапқы кезеңде халыққа берілетін несие = $0,5. Ары қарай несиені әр кезең сайын $0,5–ға өсіруге болады. Несие бойынша пайыз = несие сомасы. Бұл несиені Монкап өтейді. Несиенің қайтару мерзімін Империалист анықтайды.

 

Егер Империалистке халыққа «Әлемдік нарықтан» тауар беруге рұқсат бермейтін «Квота» заңы болса, онда Монкап Империалистке «Әлемдік нарықтан» тауар алып бере алмайтын әр кезеңге $2 өтемақы беруі міндетті.

 

«Шетелдік тауарларға тұтынушылық несие беруге тыйым салу» заңы Қазақстандағы банктен Империалисттің жалауын алып тастайды және Монкап банк ашқан Ойыншыға $2 өтемақы төлеуге міндетті.

 

10. Империалисттер Қазақстандағы келесі нәрселерге мән беру қажет:

 

  • Инфляция/«Ішкі мұнай бағасының» өсуі: Мұнай сатып алуға ақша жетпей қалған Капиталист зауыттары ойыннан шығып кетуі мүмкін.
  • Теңге девальвациясы:  Капиталистке Монкаптан осы және келесі кезеңде несие алуға тыйым салынады;  қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге болады.
  • Теңге ревальвациясы: «Халық тұтынуы» өсуі керек, себебі теңгедегі «Халық жалақысына» енді «Әлемдік нарықтан» көбірек тауар сатып алынады. Империалист алып келген долларынан да көбірек доллар алып кете алады.
  • Субсидияның болмауы:  Әр тауары үшін 30 теңге алмаған Капиталист зауыттары ойыннан шығады.
  • «Халық тұтынуы» өспеді немесе төмендеді: Монкаптың жалауы бар кез келген кен орын аукцион арқылы тартып алынады.
  • «Халық кірісінің» төмендеуі: Монкаптың жалауы бар кез келген кен орын аукцион арқылы тартып алынады.

 

11. Теңгеге және Қазақстанның қаржы жүйесіне шабуыл. 

                                           

  • Теңге сатып алу. Мақсаты: Инфляция/«Ішкі мұнай бағасының» өсуі.
  • Теңге сатып алу. Мақсаты: «Алып-сатарлық» арқылы алып келген долларынан да көбірек доллар алып кету.
  • Доллар енгізу. Мақсаты: ревальвация, кейіннен субсидияның өсуі, содан соң Инфляция және «Ішкі мұнай бағасының» өсуі.                                                                                                     
  • Доллар енгізу. Мақсаты: ревальвация, кейіннен «Халық тұтынуының» өсуі. 
  • «1998 Азия дағдарысы»: Мақсаты: Монкап долларсыз қалады, девальвация, Капиталистке Монкаптан осы және келесі кезеңде несие алуына тыйым салынады.

 

Мысалдар #4 Қосымша Парағында көрсетілген.

 

Ойынның жалпы ережелері.

 

  1. 1.     Мұнай бағасын әр кезеңнің басында АҚШ белгілейді және ол кезеңнің соңына дейін сақталады. Бірінші кезеңде 1 мұнай = $1. Әрі қарай, АҚШ бағаны көтереді/түсіреді. Баға келесі сандар бойынша белгіленеді: $0,25;  $0,5;  $1, $1,5, $2. Сандарды секіріп өтуге болмайды. Ең төменгі деңгейде мұнай бағасын 3 кезең бойына ұстап тұруға болады.  Егер АҚШ ойыннан шығып кетсе, онда мұнай бағасын осы сәттен бастап ойынның соңына дейін Басымдылық ережесі бойынша анықталған Империалист бекітеді.

 

  1. 2.     «Әлемдік нарық». Бұл жерде Ойыншылар өз «Халық тұтынуын» жасау үшін $0,5–ға тауар сатып алады немесе өзінде бар зауыттарының тауарын $0,5–ға сатады. Бұл жерде АҚШ бекіткен баға бойынша мұнай сатуға болады және тек АҚШ, Қытай алаңдарында орналасқан зауыттарға ғана мұнай сатып алуға болады.

 

  1. 3.     «Зауыт/тербелме» карточкасы. Әр кезең Империалисттер «Әлемдік нарықтан» сатып алатын зауыт/тербелме саны көрсетілген бір карточкадан алады. Бір зауыттың немесе тербелменің бағасы  $5. «Әлемдік нарықтан» сатып алынған, бірақ орнатылмаған зауыт/тербелмені қайтадан «Әлемдік нарыққа» кері сатуға болмайды. Империалисттерге осы сатып алынған зауыт/тербелмені $5-дан қымбат сатуға болмайды.

 

  1. 4.     Келіссөз.
  • Монкап/Капиталист өз ақшасына Империалисттен данасы $5 тұратын бір немесе одан да көп зауыт/тербелме сатып алып жатса, онда Империалист сұранысқа ие болған зауыт/тербелме көлемін сату барысында сатудың Шартын қоюға не Шартсыз сатуға міндетті. Егер Империалисттің Шарты орындалса, онда Империалист зауыт/тербелме сатуға міндетті.
  • Империалистке сатудың бір Шартында келесі төрт шарттың біреуін талап етуге болады:
  1. 1.    бір кен орыннан үлес беру туралы; бірақ басқа Империалисттің жалауы тұрған кен орыннан үлес сұрауға тыйым салынған. Мұнай фишкасынан сұралатын үлес 0,5-ке бөлінетіндей болу қажет, яғни: 0,5; 1; 1,5; 2; 2,5; 3; 3,5; 4.
  2. 2.     әлдеқашан бар кен орыннан Империалистке өз үлесін арттыру туралы;
  3. 3.     бір заңның күшін жою туралы, егер Монкап келіссе, онда осы және келесі кезеңде сол Заң жұмыс істемейді;
  4. 4.     әлдеқашан бар зауыттан Империалист өз үлесін арттыру туралы;

 

  • Империалистерге бірдей Шарт қоюға және айтылған Шартын өзгертуге тыйым салынған.

 

  • Монкапқа тыйым салынады:

-             бір кен орыннан әртүрлі Империалисттерге үлес беруге;

-             бір Империалисттің жалауы орналасқан кен орыннан үлесті басқа Империалистке сатуға;

-             Империалисттерден немесе Капиталисттен зауыт сатып алуға.

 

  1. 5.     Зауыт орнатылғаннан кейінгі келесі кезеңнен бастап жұмыс істейді. Бір мұнай фишкасынан бір кезеңде зауыт максимум 3 тауар өндіреді. Кезеңдердің бірінде зауыт мұнайсыз қалса, немесе бірде-бір тауар сатпаса, ойыннан шығады. Капиталисттің зауыты бірінші шартқа қосымша ретінде әрбір сатылған тауарлары үшін теңгеде немесе бағам бойынша долларда 30 теңге алмаса, ойыннан шығады. Барлық өндірілген, бірақ сатылмаған тауарлар, келесі кезеңге өтпей, күйіп кетеді.

 

  1. 6.      Кен орын тербелме орнатылғаннан кейінгі кезеңнен бастап жұмыс істей бастайды. Тербелмесі бар кен орын өзінің қуаттылығына сәйкес бір кезеңде бір рет мұнай өндіреді. Кен орынға орнатылған тербелмені кен орыннан бөлек сатуға немесе басқа кен орынға қайта орнатуға болмайды. Барлық өндірілген, бірақ сатылмаған мұнай келесі кезеңге өтпей, күйіп кетеді.

 

  1. 7.      Ойыншылар арасындағы несие шарттары.

Ойыншылар арасында ақшаны тек несиеге ғана беруге болады.

  • Пайыз минимум $0,5 және максимум $2. (Теңгелік несиеге пайыз 0) Несиенің максималды мерзімі 4 кезең. (қарыз өтелуі тиіс кезеңнің соңына дейін уақыт есептелінеді), мерзімін созуға тыйым салынған.  Алғашқы несие қайтарылмай тұрып, бір ойыншыдан екінші рет несие алуға болмайды.
  • Империалист өзіндегі бар теңгеге 100% сәйкес несие ала алады және Монкап осы несиені беруге міндетті. Теңгелік несиелер бағам бойынша доллармен өтеле алады.
  • Егер Ойыншы өз қарызын қайтармаса, онда оның Қазақстандағы мүлкі аукционда сатылады. Егер Империалист-борышқордың Қазақстанда мүлкі болмаса, онда ол ойыннан шығады. Бір кезеңде борышқордан бір аукционда тек бір мүлкін тартып алуға болады. Егер келесі кезеңде қарыз қайта өтелмесе, келесі аукцион болып, борышқордың тағы бір мүлкі тартып алынады.
  • Егер Капиталист қарызын қайтармаса, онда оның барлық зауыттары, сонымен қатар барлық ақшасы ойыннан шығады. Бірақ, Капиталисттің өзі ойында қалады. Келесі кезеңнен бастап, Капиталистке қарызын толыққанды өтемейінше, зауыт сатып алуға тыйым салынады. 
  • Теңгенің девалвациясы кезінде Монкап/Капиталисттен уақытысынан бұрын қарызды өтеуді талап етуге болады; ал Монкапқа Капиталистке осы және келесі кезеңде несие беруге болмайды.
  • Мүлкі мемлекеттендірілген Империалист Монкаптан қарызын мерзімінен бұрын өтеуді талап ете алады.
  • Ойыннан шыққан Ойыншыдан алынған қарыз, уақыты келгенде «Әлемдік нарыққа» беріледі.

 

  1. 8.        «Халықтың тұтынуы».
  • Империалисттер және Монкап әр кезең сайын өз елінің халқын тауарлармен қамтамасыз етуі міндетті. «Халық тұтынуы» бүтін сандармен саналады, яғни 1, 2, 3... Өткен кезеңнің тұтынуы күйіп кетеді, сол себепті әр кезең сайын жаңа тауар сатып алу қажет.
  • Империалисттердің «Халық тұтынуы» = кезең нөмері. Егер ол өспесе, онда Қазақстандағы Империалистке тиесілі кез келген мүлік аукцион арқылы тартып алынады.
  •  Қазақстанның «Халық тұтынуы» алдыңғы кезеңмен салыстырғанда және кезең нөмірінен төмен болмауы керек. Егер  Монкапта бұлай болмаса, онда оның кез келген кен орны жалауымен аукцион арқылы тартып алынады.
  • «Халық тұтынуын» жасай алмай, мүлкі аукционға шыққан ойыншы, сол кезеңде «Халық тұтынуын» жасауға міндетті емес.

 

  1. 9.       Aукцион.
  • Аукционда Империалисттің Қазақстандағы кен орыннан немесе зауыттан алатын үлесі немесе банкі сатылады; Монкаптың аукционда өз жалауы бар кен орны ғана сатылады. Егер Ойыншының мұндай мүлкі болмаса, онда ол ойыннан шығады.
  • Мүлкі аукционға шыққан Ойыншы аукционға қатыса алмайды.
  • Аукцион $0,5-дан басталады. Минималды қадам $0,5. Алғашқы бағаны және аукционға шығатын мүлікті Басымдылық ережесі бойыншы анықталған Ойыншы атайды. Егер Ойыншылар арасынан ешкім бастапқы бағаны ұсына алмаса, онда аукционға шыққан мүлік өз иесінде қалады.
  • Егер сатылған мүлікте басқа Ойыншының үлесі болса, онда ол сақталады.

 

  1. 10.    Басымдылық ережесі.

Кімде доллар көп болса, сол Басымдылыққа ие болады. Ойыншылардың қолындағы тек нақты доллар көлемі саналады (Монкап үшін Қазақстандағы Империалисттердің долларлары да саналады). Даулы жағдайларда басымдылықты «Басымдылық ережесі» бойынша анықталған Ойыншы алады. Басымдылықты анықтау барысында кез келген ақшалай әрекеттерге тыйым салынады.

 

  1. 11.      Уақыт. Әр кезең, АҚШ-қа мұнай бағасын бекіту үшін 2 мин., Монкапқа бағам бекіту үшін 2 мин. беріледі. Егер осы уақыт өтіп кетіп, алайда бағам немесе мұнай бағасы бекітілмесе, онда олар бұрыңғы қалпында қалады. Теңге бағамы бекітілгеннен кейін кезеңнің аяқталуына 10 мин. беріледі.  Осы уақыт аяқталғаннан кейін, сол кезеңде кез келген әрекетке тыйым салынады және жаңа кезең басталады.

 

  1. 12.      «Қаржы парағы». Бұл жерде Монкап келесі ақпаратты көрсетеді:

 

-        Капиталисттің ақшасы;

-        Капиталисттің қарызы;

-        Монкап еліндегі Империалисттердің ақшасы;

-         «Халық жалақысы»;

-        Монкаптың «Халық тұтынуы».

 

Кезеңнің соңында Монкап бұл Қаржы парағын Империалисттерге көрсетеді.

 

Қосымша парақ.

 

Қосымша Парақ #1. Инфляция / «Ішкі мұнай бағасы». 

Мысалы: Қазақстанда 2 зауыт бар, ал «Теңге көлемі» = 100. Қамтамасыз етілген ақша болып, тек 60 теңге саналады (2 зауыт 30 теңгеден), ал 40 теңге қамтамасыз етілмеген болып табылады. Әрбір қамтамасыз етілмеген 30 теңге инфляцияға әкеледі, ал осыдан барып, «Ішкі мұнай бағасы» $1 өседі.  Яғни АҚШ белгілеген әлемдік мұнай бағасына $1 қосылады.

 

Инфляция = («Теңге көлемі» - (30 * зауыт саны)) / 30.

 

Алынған тек бүтін сан ғана саналады. Егер «2,65» деген сан шықта, онда Инфляция = 2.

 

«Ішкі мұнай бағасы» = (инфляция + әлемдік мұнай бағасы) * бағам.

 

«Ішкі мұнай бағасын» есептеу мен мұнайға ақша аудару арасында Капиталист ақшамен кез келген әрекет жасаса, онда «Ішкі мұнай бағасы» қайта есептелінеді. 

 

Қосымша парақ #2.  Империалисттер теңге сатып алған және елде «Доллармен депозит ашуға тыйым салу» және «Капитал шығаруға тыйым салу» деген заңдар болмаған кездегі  Монкаптың бағам бойынша айла әрекеттер мүмкіндігі:

 

  • Империалисттерден келген барлық долларларға жаңа теңгені басып беру:

«Қамтамасыз етілмеген теңгенің» пайда болуына сәйкес инфляция болады, бірақ теңгенің нығаюы орын алмайды.   

Мысалы: Қазақстанда $2, «Теңге көлемі»  = 40. Сәйкесінше бағам $1 = 20 теңге. Империалист $2 енгізеді және Монкап жаңадан 40 теңге басып шығарады. Енді елде $4 және 80 теңге. Бағам 80 теңге/$4 = 20. Империалист $2 айырбастап, 40 теңге алады. Қорытынды: «Теңге көлемі» 40 теңгеден 80 теңгеге өсті. Бұл Империалисттің 40 теңгесі «Қамтамасыз етілмеген теңге» болып табылады, себебі теңге көлемі өсті, ал зауыт саны өзгерген жоқ. Осы себепті, мына 40 теңге «Ішкі мұнай бағасының» $1 өсуіне әкеледі  (әрбір 30 теңге $1-ға өседі).

 

  • Империалисттерден келген долларлардың тек бір бөлігіне ғана ақша басып беру:

«Қамтамасыз етілмеген теңгенің» пайда болуына байланысты аздап инфляция және аздап теңгенің нығаюы орын алады.

Мысалы: Қазақстанда $2, «Теңге көлемі» = 40. Бағам $1 = 20 теңге. Барлық 40 теңге Капиталисттің қолында болады. Империалист $2 енгізеді, ал Монкап 20 теңге басып шығарады. Енді елде $4 және 60 теңге бар. Сәйкесінше бағам 60/$4 = 15. Империалистке $1 = 15 теңге деген жаңа бағаммен теңгені Капиталист және Монкап сатады. Қорытынды: Империалистте 30 теңге пайда болды, Империалистке теңге сататын ойыншыда $2 пайда болды және оның 30 теңгесі сызылып тасталады. «Теңге көлемі» 40-ден 60-ге өсті. Бағам $1 = 15.

 

  • Империалисттен келген долларларды Капиталистте әлдеқашан бар теңгеге сатып алу. «Қамтамасыз етілмеген теңгенің» болмауынан инфляция да болмайды, бірақ теңгенің нығаюы орын алады. 

Мысалы: Қазақстанда $2, «Теңге көлемі» = 40. Сәйкесінше бағам $1 = 20 теңге. Барлық 40 теңге Капиталистте болады. Империалист $2 енгізеді, ал Монкап оған ақша басып бермейді. Елді елде $4 және 40 теңге. Сәйкесінше бағам $1 = 10 (40 теңге/ $4). Бұндай жағдайда Империалистке жаңа орнатылған бағам бойынша теңгені Капиталист сатады. Қорытынды: Империалисте 20 теңге пайда болды, ал Империалистке теңге сатқан Капиталисте 20 теңге қалып, қосымша $2 пайда болды. «Теңге көлемі» өзгермеді, яғни 40 теңгені құрады. Бағам $1 = 10 теңге.

 

Егер Капиталист (немесе Империалист) доллар сатып алғысы келмесе, басқа Империалист Қазақстанға доллар енгізген кезде, Монкап ағымдағы бағам бойынша теңге басып, Империалистке долларға айырбастауға міндетті. Яғни, Монкап 1-нұсқа бойынша жасау қажет (келген долларға теңге басып беру).

 

Қосымша Парақ #3. Капиталист тауарының толық құны = 30 теңге.

 

  • Егер Капиталист өз тауарын «Әлемдік нарыққа» сататын болса, онда бағам $1 = 60 теңге болуы керек. Себебі «Әлемдік нарық» әрқашанда тауарды тек $0,5 бойынша сатып алды, яғни осы жағдайда Капиталисттің алған $0,5, бағам бойынша 30 теңгені құрайтын болады.

 

  • Егер теңге бағамы жоғары болса, мысалы $1 = 10 теңге, онда Капиталист өз тауарын «Әлемдік нарыққа» сатады да, $0,5 немесе бағам бойынша тек 5 теңге алады. Осы жағдайда Монкап Капиталистке субсидия (айырмашылық) төлеуі тиіс, алынған 5 теңге мен тауардың толық құны арасындағы айырмашылықты (30 теңге), яғни әрбір сатылған тауар үшін 25 теңге төлеуі қажет.  

 

Формула: Субсидия = (30 – ($0,5 * бағам))*«экспортталған тауарлар саны».

 

  • Егер теңге бағамы $1 = 60-ден жоғары және субсидия болмаса, Капиталист өз тауарын «Ішкі нарықта» сата алады. Алайда бұл жағдайда «Халық кірісі» Капиталистке бір тауары үшін 30 теңге беруге мүмкін болатындай жеткілікті болуы керек. 

 

Қосымша Парақ #4.  Теңгеге және Қазақстанның қаржы жүйесіне шабуылы кезінде Империалисттің әрекеті. 

                                           

  • Теңге сатып алу. Мақсаты: Инфляция/«Ішкі мұнай бағасының» өсуі.

Мысалы: Бағам $1 = 20 теңге. Империалист $3 айырбастап, 60 теңге алды. Осы ештеңемен қамтамасыз етілмеген 60  теңге «Ішкі мұнай бағасының» $2 өсуіне әкеледі (әрбір 30 теңге $1 өсіреді).

 

  • Теңге сатып алу. Мақсаты: «Алып-сатарлық» арқылы алып келген долларынан да көбірек доллар алып кету.

Мысалы: $1-ды 20 теңге бағамы бойынша сатып, $1 = 10 теңге болған кезде $1 сатып алу.  

 

  • Доллар енгізу. Мақсаты: ревальвация, кейіннен субсидияның өсуі, содан соң Инфляция және «Ішкі мұнай бағасының» өсуі.                                                                                                    

Мысалы: Қазақстанда $1 және «Теңге көлемі» = 60. Бағам $1 = 60 теңге. Империалист елге $2 әкеледі. Енді елде $3 және 60 теңге. Жаңа бағам 60/$3 = 20 теңге.

 

  • Доллар енгізу. Мақсаты: ревальвация, кейіннен «Халық тұтынуының» өсуі.  

Мысалы: «Халық кірісі» = 10 теңге. $1 = 10 теңге бағамы кезінде 2 импорттық тауар сатып алуға болады (әрқайсысы $0,5 немесе бағам бойынша 5 теңге). $1 = 5 теңге деген бағамда 4 импорттық тауар сатып алуға болады (бағам бойынша әрқайсысы 2,5 теңге).

 

  • «1998 Азия дағдарысы».  Империалист Монкаптан теңге сатып алады, кейін өзінде бар теңге көлеміне 100% сәйкес Монкаптан несие алады, осыдан кейін сатып алған теңгесін сатып, орнына доллар алған соң Монкап елінен шығарады. Осыдан кейін, Монкапқа теңге бағамын қайта есептету мақсатында, Империалист $0,5-ды теңгеге айырбастайды және егер осы сәтке дейін Қазақстанда «теңге көлемі» бұрынғы қалпында қалып, ал «$ көлемі» азайса, онда теңге бағамы төмендеп, өзінің теңгелік несиесін жабу мақсатында Империалистке Монкаптан алған несиеге қарағанда әлдеқайда аз дол